Жас ғалымдармен кездесудегі сөзі

5 апреля, 2024

Құрметті әріптестер!

Құрметті жас ғалымдар!

Сіздермен Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында кезекті рет кездесіп отырғаныма қуаныштымын.

Жаңа Қазақстан қоғамын қалыптастыруда мемлекет білікті, білімді жастарға үлкен сенім артып отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында: «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік – маңызды құндылық. Өз кәсібін өте жақсы білетін, еңбекқор адам ғана табысқа жете алады. Мен азаматтардың, әсіресе жастардың көзі ашық, дүниетанымы кең болғанын қалаймын. Жастар тұтас еліміздің дамуына үлес қосқаны абзал. Әр азамат еліміздің қайда бет алғанын, ертеңіміз қандай болатынын білуі керек», – деп атап өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жас ғалымдармен нәтижелі жұмыстар іске асырылуда.

Бүгінде ҚазҰУ-да 40 жасқа дейінгі 350-ден астам жас ғалым жұмыс істейді.

Көпшілігі әлемнің жетекші университеттері мен орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Жас ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижелері әлемнің жетекші журналдарында жарияланып келеді.

ҚазҰУ-да «Жас ғалымдар кеңесі» нәтижелі жұмыс атқаруда.

Жыл сайын «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы, Жас ғалымдар форумы өткізіледі.

«ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» байқауын жариялап, университет деңгейінде үздік жас ғалымдарды анықтаймыз.

Олардың ішінде 49-ы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жас ғалым» жобасының жеңімпаздары.

Биыл «Жас ғалым» тұрғын үй бағдарламасы бойынша 30-дан аса жас ғалым үйлі болды.

2022 жылдан бастап университетте «Жас ғалым» гранттық қаржыландыру жобасы аясында постдокторантура жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта 66 постдокторант дайындалуда.

 

Уважаемые молодые ученые!

Наука играет ключевую роль в развитии каждой страны.

Научные исследования способствуют созданию новых технологий, развитию экономики, улучшению качества жизни.

Развитие науки в стране требует комплексного подхода.

Здесь нужна тесная интеграция государства, бизнеса, образовательных учреждений и общественности.

В прошлом году была принята концепция развития высшего образования и науки Казахстана на 2023-2029 годы.

Казахский национальный университет имени Аль-Фараби в этом году отмечает 90-летие со дня основания.

Наш университет стал самым крупным вузом Казахстана, пройден большой и сложный путь.

На сегодняшний день в университете реализуются 290 проектов грантового финансирования МНВО РК.

 11 – программно-целевого финансирования МНВО РК.

48 – международных проектов и 28 научно-исследовательских работ в рамках хозяйственных договоров с организациями и предприятиями.

Среди них, 119 проектов молодых ученых.

В начале юбилейного года  мы открыли научно-производственный центр «Химикал коутинг инновейшнз».

 Здесь ученые изготавливают классические и специфические покрытия для нужд машиностроения, приборостроения.

Впервые в январе 2024 года КазНУ провел крупную научно-инновационную выставку в городе Урумчи Китайской Народной Республики.

Недавно, совместно с Синьцзянским институтом экологии и географии открыли совместную лабораторию по технологиям дистанционного зондирования.

В конце прошлого года ученые-географы выиграли мегагрант на сумму 3,8 млрд тенге.

Совместная программа направлена на решение стратегических задач в области экологии Западно-Казахстанского региона.

В рамках реализации данного мега проекта на базе вуза открылся Научный центр устойчивого развития и рационального природопользования.

В состав нового научного центра входят 10 лабораторий.

Научный центр работает в области климата и моделирования, цифровой картографии, прикладной геодезии и мониторинга окружающей среды.

В КазНУ действует Совет молодых ученых.

Основная его задача – координация и активизация научно-исследовательской деятельности, сохранение научных школ.

В 2023 году в выполнении научно-исследовательских работ участвовали около 11 тысяч студентов, магистрантов и докторантов.

Университетская наука возлагает надежды на молодых ученых.

Сегодня трудно представить жизнь без науки и ее достижений.

Французский химик и микробиолог, член Французской академии Луи Пастер говорил: «Прогресс науки определяется трудами ее ученых и ценностью их открытий».

В нашем университете сосредоточен уникальный интеллектуальный потенциал.

Работают сотни талантливых ученых, чьи имена и достижения определили становление и развитие отечественной науки и техники.

Молодые ученые должны достойно продолжать дело своих учителей и наставников.

 

Құрметті жас ғалымдар!

Бүгінгі кездесу университеттік ғылымды дамытуға қатысты сіздердің ұсыныстарыңызды тыңдау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Біздің мақсатымыз – жас ғалымдардың ғылыми-шығармашылық ізденісіне жол ашу.

Сіздерден қоғам игілігіне қажетті инновациялық шешімдер, жаңа ғылыми жаңалықтар күтеміз.

Бүгінгі кездесуде жаңаша ұсыныстар, тың идеялар айтылады деп сенемін.

Барлықтарыңызға ғылым жолында табыс тілеймін!