Ғази университетіндегі тағылымдама

29 мамыр, 2024

Шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту – док­то­ранттардың ғылыми-зерттеу жұмысының аясын­да­ғы міндеттің бірі. Осыған орай, философия және саясаттану факультеті Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының «Педагогика және психология» мамандығының 2-курс докторанттары Е.Әбдіжәділ, Т.Хасенқызы, осы жолдардың авторы, сондай-ақ «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2-курс докторанты Б.Сан­ба­ева кезекті ғылыми тағылымдаманы Анкара қала­сындағы Ғази университетінде өттік. 

Ғылыми тағылымдама ке­зін­де ғылыми және кәсіби құзыреттілікті, зерттеушілік дағдыларды мақсатты түрде жетілдіру әрі ғылыми білімді тереңдету жататыны белгілі. Тағылымдамадан өту ба­рысында Ғази универ­си­те­тінің профессоры Южел Ге­лешли мырзамен және про­фессор Хаяти Акиол мыр­замен ғылыми жұмы­сы­мыздың жазылу барысын талқылудан бөлек, халық­ара­лық деңгейде жазылып жатқан мақалалардың, одан басқа түрлі ғылыми жұ­мыс­тардың әдістерімен таныс­тық. Тақырыбымызға байла­ныс­ты зерттеу жүргізу ба­ры­сында ғылыми жұмы­сымыздың аясында Ғази университетінде оқып жат­қан қазақ студенттерімен кез­­десіп, эксперименттік (сауалнама алу, сұхбаттасу т.б.) жұмыстар жүргізілді. Ғази университеті рек­то­ры­ның орынбасары, про­фес­сор Южел Гелешли мырза бар­лық жағдайды ұйым­дас­тырды.
Бұған қоса, Ғази универ­си­тетінің студенттері ұйым­дас­тырған «Эрасмус+» жо­басы аясында өткен көрмеге қа­тыстық әрі ғылыми-зерт­теу жұмысымыздың төңі­ре­гінде іздену барысында Тү­рік мемлекетінің, Анкара қа­ласында орналасқан ең үл­кен «Президенттік ұлт» кі­тапханасында жұмыс істеу бұйыр­ды. Сонымен қатар осы тағылымдама бары­сын­да Ғази университеті Білім беру кафедрасының ұжы­мы­на өзіміздің Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-дың 90 жыл­дығына арналған «Бо­лашақ университеті» атты пре­зентациясымен қоса, Пе­дагогика және білім беру менеджменті кафедрасы ға­лымдарының соңғы шы­ғарған еңбектерімен та­ныстыру көрмесі өтті. 
Сөйтіп, Анкара қала­сын­­да өт­кізген ғылыми тағы­лым­дамамыз есімізде қа­латыны сөзсіз. Білім алу­шыларға, із­денуші­лер­ге осындай қол­дау көр­се­тіп, жағдай жасап отырған ҚР Ғылым және жоғары бі­лім министрлігі мен ҚазҰУ-ға айтар ал­ғы­сымыз шек­сіз. 

Айым МӘСІМБАЕВА, 
Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының докторанты