Генетика – ғылымның бірегейі

6 маусым, 2024

Қазіргі кезде ге­нетика нені зерттейді? Қоғам үшін маңызды ғылыми салалардың ішінде табиғаттың құпияларын ашуға арналған генетика ғылымы ерекше орын алады. Адамзат әрқашан организм­дер­дің өзгергіштігі, тұқымқуалаушылық пен жаңа өмірдің пайда болуына әкелетін үдерістер мәселелеріне қы­зы­ғушылық таны­тады. Генетика – қазіргі биология­ның барлық бағытқа енетін интеграция­лық пәні.

Қазір әлемде адам өмі­рі­нің бар аспектісінде, оның ішінде түрлі ғылыми және практикалық бағыттарға ге­нетика ғылымының жетіс­тік­тері іс жүзінде маңызды бо­лып отыр. Генетикалық тех­нологиялар меди­ци­на­да, ветеринарияда, кри­ми­налистикада, микробио­ло­гияда, вирусологияда, ауыл шаруашылығы, орман ша­руа­шылығы және т.б. сала­лар­да табысты қолданылып отыр. Бүгінгі күні инвес­ти­ция тұрғысынан қарасақ, ге­нетика болашағы бар са­ла болып табылады. Гене­ти­ка мен генетикалық техно­ло­гиялардағы соңғы же­тіс­тіктердің көмегімен ме­дицина мен денсаулық сақтауда, микробиология мен вирусологияда, кри­ми­нология және сот сарап­та­масында, селекция және ауыл шаруашылығы, сон­дай-ақ басқа да көптеген салаларда табысқа жетуге болады.

Мысалы, генетикалық зерт­теулер ауруларға бе­йім­ділікті, туыстық пен әке болуды, ұрықтың хромосо­ма­лық ауруларын анық­та­й­ды. Фармакогенетикалық скри­нинг жүргізу, белгілі бір науқасқа оның генетикалық ерекшеліктеріне байланыс­ты дұрыс терапияны таңдау және сол арқылы дәрілік те­рапияны барынша арттыру әрі организмнің уыттылық ықтималдылығын азайту және т.б. зерттейді. Бола­шақта генетика саласымен байланысты: генетикалық кеңесші, IТ-генетик, моле­ку­лалық диетолог және ге­нетик дербестендірілген ме­дицина сарапшысы сияқ­ты мамандықтарына 2030 жылға қарай сұраныс кө­бейеді деген болжамның не­гізіне генетикалық тех­но­логиялардың қарқынды дамуы жатады.

Отандық генетикалық тех­нологияларды дамыту және ғылыми-зерттеу жұ­мыс­тарын жүргізу еліміздің ғылыми-технологиялық ба­сым­ды бағытына жатады. Оның шешімдерінің бірі – жо­ғары білікті мамандарды даярлау және қайта даяр­лау, білім беру бағдар­ла­ма­ларын бейімдеу, бар бағ­дар­ламаларды жетіл­ді­ру, со­нымен бірге та­лант­ты және дарынды жас­тар­ды генетиканы зерт­теуге тарту.

Соңғы жылдары геномды редакциялау бойынша жұ­мыс генетиканың танымал са­ласына айналды. Ну­клеа­­за әрекетіне негіз­дел­ген түр­лі технологияларды (ZFNs, TALENs, CRISPR/Cas9) қолдану арқылы де­ненің белгілі бір қасиеттерін жақсарту үшін ДНҚ тізбегін мақсатты өзгерту (фер­мент­термен) «генетикалық қайшылар» деп аталады. Бүгінгі таңда болашағы бар тәсілдердің бірі – CRISPR/Cas9 технологиясы. Өйткені ол әмбебап, іске асыруы өте қарапайым және жоғары дәлдікке ие (сайт ерек­ше­лігіне байланысты).

Генетика – болашағы бар және инвестициялық тұрғы­дан тартымды ғылымның бі­регейі. Forbes.ru сай­тын­дағы жаһандық сарап­шы­лар­дың пікірінше, 2027 жыл­ға қарай тек мақсатты геномды өңдеуге арналған CRISPR-Cas9 техноло­гия­лар нарығына инвестиция кө­лемі 10 миллиард дол­ларға жетеді және бұл осы бағытта жұмыс істейтіндер үшін жұмыс орындары мен лайықты жалақы дегенді білдіреді. Сонымен, бола­шақ­тың беделді маман­дық­тары генетикалық техноло­гия­лармен байланысты бо­лады. Генетика сала­сын­да жоғары білікті маман­дар­ды даярлау және қайта даярлау қазіргі білім беру үдерісінің маңызды бағыт­та­рының бірі, оның ішінде генетиканы зерттеуге жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу, қолданыстағы бағ­дарламаларды бейімдеу және жетілдіру, сондай-ақ да­рынды жастарды тарту бо­лып табылатыны анық.

Генетика мамандығы – көп­салалы мамандарды даяр­лаудың бастамасы.

 – Медицинада адамдар ге­нетикалық ақпаратын тал­даумен және белгілі бір ау­рулардың дамуын бол­жау­мен айналысады. Мы­салы, ұрықты скринингтік тек­середі. Сонымен бірге ЭКҰ орталықтарында ғылы­ми зерттеулер жүргізеді.

 – Генетик-дәрігер тұқым қуа­лайтын ауруларды зерт­тейді, тұқым қуалайтын па­то­логиялардың даму қаупін болжайды, генетикалық са­рап­тама жасалады. Осын­дай жұмыстарды емхана мен ауруханаларда жүр­гі­зеді. Генетикалық кеңес­ші­нің енді бір жұмысы – ағза­дағы кездейсоқ және бол­жамды генетикалық мута­циялардың пайда бо­луын, соның нәтижесінде пай­да болған жасушалық, ағ­залық бұзылуларды зерт­теу және алдын алу болып саналады.

 – Ауыл шаруашылығында генетиктер түсімі мол, ау­руға төзімді және т.б. се­лекциялық жұмыстарды жүр­гізуге генетикалық ақ­па­рат береді және жаңа сорт­тар алуға көмектесе алады.

– Микробиологияда ге­не­тикалық жұмыстардың көмегімен адамзатқа пайда әкелетін түрлі дәрі-дәр­мек­тер мен қосылыстар жа­сауға болады. Осылайша бизнес жасаудың бірден-бір көзі екенін айтқан жөн.

– Гендік инженерияда ге­нетиктер жануарлар мен өсімдіктердің түрлі әдісте­рі­мен сыртқы ортаның бел­гілі бір әрекеттеріне тө­зімді түрлерін ала алады. Гендік инженерия сала­сы­ның бү­гінгі күні болашағы зор екені бәрімізге белгілі. Бұл сала азық-түлік да­йын­дауда үл­кен рөл атқарады. Егер қа­ласа, генетика ма­мандығын бітірген түлек­тер осы са­лалардың кез келгеніне маман бола ала­ды.

Жанар ЧУНЕТОВА,

Молекулалық биология және генетика кафедрасының доценті, б.ғ.к.