Шәкірттерімнің жетістігімен мақтанамынFarabi University

Шәкірттерімнің жетістігімен мақтанамын

13 маусым, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойы қарса­ңын­да менің осы қара шаңырақ аясында еліме адал қызмет етіп, тер төгіп жүргеніме 48 жыл толған екен. Яғни менің де еңбек ардагері санатына қосыл­ғаныма жеті жыл болды, жасым жетпіске жетіп, ҚазҰУ еңбек ардагерлері қоғамы­ның мүшесі атандым. Өткенді еске алып, тәжірибеммен бөлісіп, естелік жазуға жарап қалғандаймын-ау...

Ес білгелі қоғамға аз ба, көп пе, қызмет етіп келемін. Туған ауылымдағы сегіз­жыл­дық мектепте 3-сыныпта пионер қатарына қабыл­да­нып, 4-сыныпта-ақ пио­нер­лер дружинасы кеңесінің тө­рағасы болдым. Жоғары сы­ныптағы ұлдар өздері қа­шып, бұл бастауыш ұйымға тек қыздарды сайлап жүріп­ті. Ал сол саптағы апаларым енді қосылған мені өздеріне жетекші етіп сайлап алды.

Осы пәрменділігім Сара­тов мемлекеттік универ­си­тетінде оқыған студенттік кезімде де жалғасты. Курс­та­ғы апталық саяси ақпарат беруші, жастар ұйымының жетекшісі бола жүріп, көр­кем­өнерпаздар үйірмесінің белсендісі болдым, бай­қау­ларға қатысып, сахнадан ән де салдым. Ай сайын аса көлемді қабырға газетін шы­ғарып (сол үшін стипендия кө­лемінде алғашқы ақшалай сыйлық алғаным да есімде), студенттерді қоғамдық жұ­мыс­қа тарттым.

Ауылдық қазақ мек­те­бі­нен кейін 1970-75 жж. Ре­сей Федерациясының бү­кіл­одақ­тық орталық жо­ғары оқу орындарының бірі­нен саналатын Н.Г.Чер­нышевский атын­дағы Са­ратов мем­ле­кеттік уни­вер­ситетінің фи­зика фа­куль­тетінде «Фи­зи­ка» мамандығы, «Ав­томат­тан­дырылған бас­қару жүйелері мен элек­трон­дық есептеуіш ма­ши­наларын математикалық жабдықтау» маман­дан­ды­руы бойынша білім алып шық­тым.

Диплом алып, ұлттық ка­др ретінде елге оралған­нан кейін Білім және ғылым ми­нистрлігінің жолдауымен ме­ханика-математика фа­культеті жанындағы Авто­мат­тандырылған басқару жүйелері (АБЖ) зертха­на­сына инженерлік қызметке қабылданып, екі жыл ішінде АБЖ ішкі жүйелерін жасау және пайдалану бюросының бастығы деңгейіне көте­ріл­дім. ҚазҰУ-дың Автомат­тан­дырылған басқару жүйесін құрушылардың бастапқы ле­гінен екенімді мақтан тұтамын.

Бүгінде Қазақтың Әл-Фа­раби атындағы ұлттық уни­верситетіндегі үздіксіз жұ­мыс өтілім 48 жылдан асты. Инженерлік қызметте жүріп, университет қызмет­кер­ле­рінің жастар (комсомол) ұйы­мын құрысып, Алматыда алғаш рет Халықаралық уни­верситеттер фестивалін ұйымдастырушылардың бірі болдым.

Біліктілігім мен жинаған өндірістік мол тәжірибемнің, іскерлігімнің арқасында жас­тайымнан армандаған ұстаздық жұмысқа шақы­рыл­дым. Оған себеп – 1985 жылы КОКП Орталық ко­ми­теті қоғамды жалпылай ком­пью­терлендіру туралы қау­лы қабылдап, осы салада қызмет істеп жүрген инже­нер­лер университеттің оқы­тушы-профессорлар құра­мын программалауға оқыта бастадық. Менің ұстаздық қабілетім белді оқытушы-профессорларға ұнағаны сондай – олар мені мех­матқа ұстаздық қызметке ша­қыр­ды. Тіпті про­фес­сорлар Қ.Қасымов, Қ.Қаб­дықайыров, М.Төлегенова менің конкурстан сәтті өтуім­ді жіті бақылап, көз­деген тілектеріне жетті.

Сөйтіп, 1985 жылдан бас­тап механика-математика (ара­сында бес жыл ақ­па­рат­тық технологиялар факуль­те­тінде) факультетінде, 10 жыл­дан аса ҚазҰУ жа­нын­дағы колледжде, сонымен қатар оқытушылардың білік­ті­лігін арттыру институтында информатика циклін жүр­гізіп келемін (өзім де Украи­на ұлттық академиясының Кибернетика институтында, ҚазҰУ оқытушылардың бі­лік­ті­лігін арттыру инс­ти­тутында білімімді ұшта­ған­мын).

Аға буын өкілдері, ака­де­миктер, ректорлар Ө.Жол­дас­беков, Е.Ерғожин, К.Нә­рі­баевтың, ғылыми же­тек­шім С.Айсағалиевтің, проректор З.Мансұровтың, декандар Қ.Қасымов, М.Са­ғи­тов, Е.Рахимов, Н.Данаев, Ш.Смағұловтың, про­фес­сор­лар М.Орынбасаров, Қ.Қа­бдықайыров, Т.Ах­мет­ов, А.Құсайыновтың үміттерін ақ­тау үшін оқытушылық қыз­метке айрықша ықыласпен кірісіп, содан бері өскелең жастарға сапалы білім, са­налы тәрбие беруге ты­ры­сып келемін.

Мен өмірде жақсы адам­дар­мен қызметтес болдым, өзімді бақытты санаймын. Жоғарыда аттары аталған әртүрлі факультеттерде қыз­мет атқарған ардақты аға­ларымның арқасында ұс­таздық қызметпен қатар, лауа­зымды қызметтердің тізгінін де ұстадым. Жас­тар­ғ­а үлгі, жанашыр, қамқоршы, ақылшы бола білген олардан көп нәрсе үйрендім, өстім, өндім.

Құрылымдық өзгеріс­тер­ге байланысты Басқару тео­риясы, ЭЕМ мен ки­бер­не­тиканы математикалық жаб­дықтау, Информатика, Дифференциалдық теңдеу­лер және басқару теориясы кафедраларының аға оқыту­шы­сы, университеттің инс­пек­ция (оқу бөлімі) бастығы, екі дүркін – механика-ма­те­ма­тика факультеті дека­ны­ның орынбасары, көп жыл­дар Ақпараттық жүйелер кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәр­бие жұмысы жөніндегі орын­ба­сары міндеттерін ат­қар­дым.

Оқытушылықпен қатар, ака­демик, т.ғ.д., профессор С.Айсағалиевтің жетек­ші­лі­гімен шешімін тапқан ғы­лы­ми жобаларды жүзеге асы­руға атсалысып, үзбей ха­лықаралық, респуб­ли­ка­лық ғылыми-практикалық және оқу-әдістемелік кон­фе­ренцияларға қатысып, басқарудың математикалық теориясы мен информатика және есептеу техникасын қолдану саласы бойынша 100-ден аса ғылыми жұмыс жарияладым. Қазақтілді ор­та мектептердің 5-ші, 6-шы, 8-ші және 11-сынып оқу­шы­ларына арналған «Инфор­ма­тика» оқулығы мен осы пән бойынша жазылған әдіс­темелік құралдардың авторларының бірімін.

Көп жылдар бойы Қа­зақ­тың Әл-Фараби атындағы ұлттық университеті қыз­мет­керлерінің «Парасат» кә­сіподағы комитетінің тұрғын үй-тұрмыстық комиссиясын басқарған кезде оқу ор­ны­ның 85 оқытушы-профес­со­ры мен қызметкерлерінің құжаттарын реттеп, «Оты­рар» жастар тұрғын үй ке­ше­ні арқылы заманауи кең, жарқын пәтерлер алуына көп тер төгіп, әріптестерімнің алғысына бөлендім.

Бүгінгі күні механика-ма­те­матика факультетінің аға ку­ратор-эдвайзері, мектеп оқу­шыларын кәсіби-бағыт­тау жұмыстары үшін жауап беремін. Әлі де факультеттің және университеттің мәде­ни-көпшілік шараларына бел­сене араласып жүрмін. Көркемөнерпаздар бай­қа­уы­ның, тәрбиеші куратор-эдвайзерлер сайыстарының бірнеше дүркін жеңімпазы атандым. Бос уақытымда домбыраға қосылып және фортепианоның сүйемел­деуімен ән айтқанды, көр­кем әдебиет пен поэзияны, театр қойылымдарын тама­ша­лағанды жақсы көремін. 2019 жылы «Тасаралым – тағ­дырым» атты жыр жина­ғым басылып шықты.

Факультет қабырғасында өзім құрған Қ.Аманжолов атын­дағы әдеби-шығар­ма­шы­лық бірлестік пен «Ата­мекен патриоттары» ру­хани-қоғамдық ұйымының же­тек­шісімін және ұзақ жыл­дар авторлық «Мехматтағы музыкалық кештер» жо­бам­ды жүргізіп келемін. Осы құ­рылымдар аясында уни­вер­ситеттің судент жастары мен қызметкерлерінің ақын-жазушылармен, өнер мен мәдениет, қоғам және мем­лекет қайраткерлерімен, теа­тр, кино актерлерімен, музыкалық ұжымдар мен жеке орындаушылармен өт­кізілген жүздеген шығар­ма­шылық кездесулерін ұйым­дастырдым.

Табанды ғылыми-педа­гог­тық еңбегім еленіп, бір­неше мерейтойлық медаль­дармен, көптеген мақтау қағаздарымен марапат­тал­дым. Солардың ішіндегі ма­ған ең ыстығы студент жас­тар өздері қалап, ұсынып, тәрбиеші-ұстаздар ара­сы­нан бірінші болып маған берген университет сту­дент­тері мен магистрант­та­рының «Сұңқар» кәсіби одағының мерейтойлық ме­далі екенін жасыра ал­май­мын.

ҚазҰУ қабырғасында ұзақ жылдар ұстаздық етіп, мың­даған студентті оқыт­тым. Ұстаздық тағылы­мым­нан нәр алған шәкірттерім де халық мүддесіне, ел тағ­дырына қатысты қастерлі істердің басы-қасында, түр­лі салада тер төгуде. Ара­сында мемлекет қайрат­кер­лері, ғылым докторлары, академиктер де бар. Көбі жоғары оқу орындарында, орта мектепте мехматта ал­ған ұлағатын өскелең ұр­паққа ұластырып, көңіліме қуаныш ұялатып жүр. Мен үз­дік студенттеріммен мақ­та­намын, олардың арқа­сын­да менің де еңбегімнің мәр­тебесі асқақтай түспек.

ҚазҰУ ұжымын, уни­вер­си­теттен білім алып шыққан барлық шәкірттерімді қара шаңырақ оқу ордасының 90 жылдық тойымен шын жү­рек­т­ен құттықтаймын. Елі­міздегі ең үздік білім оша­ғы­ның мерейі әрдайым үстем болып, жастарға заманауи озық білім беру ісінде үнемі алғы шептен көрінейік.

Болат ӘБЕНОВ,

Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының аға оқытушысы

 

Басқа жаңалықтар

12 маусым, 2025
12 маусым, 2025
12 маусым, 2025