Дәрілік өсімдіктер және табиғи дәрілік заттарды зерттеу конференциясындағы сөзі

6 июня, 2024

Құрметті университет қонақтары!

Құрметті әріптестер, білім алушы жастар!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қош келдіңіздер!

Қазақта керемет бір  мақал бар: «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады», – деген.

Сіздердің келулеріңізге орай, университетімізде қуанышты жаңалық орын алып отыр.

Биыл оқу орнымыз QS WUR халықаралық рейтингінде 67 позицияға жоғарылап, 230-орыннан 163-орынға көтерілді.

Бұл ғылыми әлеуеті жоғары ұжымның бірлескен еңбегінің нәтижесі.

Осы жетістігімізбен сіздермен бөліскім келеді әрі ҚазҰУ ұжымын құттықтаймын!

 

Құрметті қонақтар!

ҚазҰУ – Қазақстан және Орталық Азия жоғары оқу орындары арасында ең үздік 200 университеттің қатарына енген алғашқы және жалғыз білім ордасы.

Оқу орнымыз зерттеу университеті ретінде ғылымға басымдық береді.

 ҚазҰУ халықаралық ғылыми қауымдастықпен тығыз ынтымақтастықта ауқымды жобаларды іске асырады.

Бүгінде дәрілік өсімдіктер және табиғи дәрілік заттарды зерттеу саласы әлемнің өзекті мәселесіне айналып отыр.

Осы бағытта тәжірибе алмасу үшін бүгін конференция жұмысына Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия, Кипр, Португалия, Малайзия, Таиланд, Үндістан, Пәкістан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан ғалымдары, сарапшы мамандары арнайы келді.

Добрый день, уважаемые гости, коллеги!

Я рад приветствовать вас  в ведущем университете Казахстана – в Казахском национальном университете имени Аль-Фараби.

Сегоднящняя конференция посвящена  проблемам изучения лекарственных растении и исследованиям природных лечебных средств.

Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на встрече с  учеными отметил:

«Нам нужны инновационные проекты и прорывные решения в критически важных отраслях экономики.

Наши ученые обладают большим потенциалом в сфере медицины, фармацевтики и биотехнологий.

Мы налаживаем взаимодействие с передовыми международными компаниями в этих сферах».

Безусловно, в этом направлении важную роль играют исследовательские университеты.

Сегодня подготовка специалистов высокого уровня, ученых и исследователей в сфере биотехнологии и фармакологии требует новых подходов.

Для нашего университета большая честь проводить столь важное и значимое мероприятие.

Мы готовы сотрудничать с представителями научного общества в области биохимии,  биотехнологии, фитотерапии, фармакологии из разных уголков мира.

Это свидетельствует о высоком уровне интереса к сегоднящней тематике и важности объединения усилий для достижения новых научных высот.

Цель данной конференции – предоставить возможность обменяться достижениями и обсудить проблемы медицинского применения съедобных и лекарственных растений.

Мы должны способствовать  углублению знаний о биологически активных соединениях растений.

Сегодня разрабатываются новые методики и технологий экстракции, анализа, стандартизации растительных препаратов.

Это позволяет повысить их эффективность и безопасность.

Важно создание синергии между традиционной и современной медицины.

Это позволит открыть новые перспективы в лечении хронических заболеваний и разработке профилактических стратегий.

Поиск новых источников биоактивных веществ, расширит возможности фармакотерапии.

Это в свою очередь приведет к открытию новых лекарственных средств на основе природных компонентов.

Желаю всем участникам плодотворной работы, интересных дискуссий.

Пусть идеи и разработки ученых помогут улучшить здоровье и качество жизни.

 

Құрметті конференция қонақтары, әріптестер!

Бүгінде университетімізде Дәрілік өсімдіктердің ғылыми-зерттеу орталығы табысты жұмыс істейді.

Орталық базасында өсімдік шикізаты негізіндегі дәрілік препараттар өндірісі іске қосылған.

Жоба жетекшісі ­– ҚазҰУ профессоры Жанар Жеңіс, органометалды және өсімдік химиясы бойынша PhD доктор.

Жеті тіл білетін полиглот, алты бірдей патенттің, жеті кітап­тың авторы.

 Бес республикалық, жеті ха­лық­ара­лық ғылыми жобаның жетекшісі.

Биыл жыл басында ҚазҰУ Дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу орталығы ҚХР Ғылым академиясы Шыңжаң физика және химия техникалық институтымен серіктестік орнатып, меморандумға  қол қойды.

Дәрілік өсімдіктер және табиғи дәрілік заттарды зерттеу саласы Тұрақты даму мақсаттарының барлық бағытын қамтиды.

Бұл –­­ биология, химия, медицина саласының ғана мәселесі емес, адамдардың денсаулығы мен жасыл экономиканың өсіміне ықпал ететін сала.

Осы бағытта сіздермен пікір алмасып, жаңа идеялар мен ұсыныстарды талқылайтын боламыз.

Конференция жұмысына табыс тілеймін!