Кітапхана – руханият ордасы

24 маусым, 2024

Жаздың жаңбырлы күндерінің бірінде мен тыныш­тық­ты қалап, кітап әлеміне саяхат жасау үшін жайлы кітапханада уақыт өткізуді жөн көрдім. Кітапхананың жалпы ауаны маған қатты ұнайды. Сондықтан онда жиі баруға тырысамын. Таяу арада ҚазҰУ-ға талап­кер­лер ағылады. Сол себепті түлектер назарына уни­вер­ситет кітапханасы жайлы шағын ақпарат беруді жөн санадым. 

ҚазҰУ-дың Фараби кітап­ха­насында кітап қоры мол. Қор жағынан еліміздегі ЖОО-лар арасында көш бас­тай­ды. Кітапхана жай ғана әсем ғимарат емес, нағыз бі­лім ошағы. Фараби кітап­ха­насында студенттер мен оқытушылардың білімін же­тіл­діруге, қажет оқулықтар мен ақпаратты табуға, мер­зімді басылымдармен та­ны­суға бар мүмкіндік жасалған. Мұнда интернет желісін де емін-еркін пайдалана ала­сың. Тізілген кітап стеллаж­да­ры көз тартады. Одан кез келген кітапты таңдап алып, электронды түрде оқуға бо­лады немесе ұялы телефон арқылы университет сай­тына кіріп, керек оқулықты пайдалана аласыз.

Фараби кітапханасында бірнеше бөлім бар, олардың әрқайсысының өз функция­сы бар және белгілі бір ау­ди­то­рияға қызмет етеді. Мы­са­лы, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде кітапха­на­шылар оқырманға қызмет көрсетеді. Олар келушілерге қажетті кітаптарды табуға көмек береді. Әдебиеттерді беруді және қайтаруды ұйым­дастырады, ақпарат­тық іздеуге кеңес береді. Ка­талогтау және жіктеу бө­лімі – кітап қорын сипаттау және жүйелеумен, кітап­тар­ды оңай іздеу үшін каталог­тар құрумен айналысады. Ал электрондық ресурстар бө­лімі – электрондық дерек­қор­ға, журналдар, элек­трондық кітаптарға және бас­қа да онлайн ресурстарға қол жеткізуді қолдауға жа­уап­ты. Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімі құнды ба­сылымдарды, көне кітап­тар мен қолжазбаларды сақ­тауға және оларға қол жеткізуге арналған. Кітап­ха­на аралық абонемент бөлімі басылымдарды басқа кітап­ха­налармен бөлісумен айна­лы­сады, басқа кітапха­на­лар­дан әдебиет алуға мүм­кіндік береді.

Кітапханада тек оқу зал­да­ры ғана емес, мұражай да бар. Ол Қазақстанның мә­дени және тарихи мұ­ра­сын сақтауға, на­сихаттауға, сон­дай-ақ білім мен ғылым са­ласындағы жетістіктерді көр­­сетуге ұмтылатын руха­ният ордасы. Мұражай қыз­меті елімізбен бірге, одан тыс жерлерде де бәсекеге қа­білетті және рухы мықты гуманитарлық маман­дар­дың қалыптасуына ықпал етеді.

Елназ КЕРІМТАЙ,

журналистика факультетінің 2-курс студенті