«500 ғалым» жобасы бірегей мүмкіндік

11 шілде, 2024

«Болашақ» бағдарламасы шеңберіндегі «500 ғалым» жобасы бойынша әлемнің үздік университеттері мен ғы­лыми институттарында ғылыми зерттеу жүргізіп, тағы­лым­дамадан өту қазақстандық ғалымдар үшін бірегей мүмкіндік.
Инновациялық техноло­гия­лармен танысу және шетел­де­гі ғы­лыми ұйымдарда ғы­лы­ми-тәжі­рибелік зерттеулер жүргізу мақ­сатында ҚазҰУ қыз­мет­кер­лері, яғни осы жол­дың ав­тор­­ла­ры халықаралық «Бола­шақ» бағ­дарла­ма­сы­ның сти­п­ен­диат­тары атандық. Қа­зір­гі таңда Мюнхен техникалық университетінде (Мюнхен, Гер­ма­ния) және Гранада универ­си­тетінде (Гранада, Испания) «500 ғалым» жобасы бойынша тағылымдамадан өтудеміз. 

Мюнхен техникалық универ­си­тетінде тағылымдамадан өту барысында С3 отынының реак­ция механизмдері бо­йын­ша әдебиеттерге шолу жасал­ды және мәселенің ағымдағы жағдайына қатысты тақырып­тар талқыланды.

Жалынның химиялық меха­низмі тексерілді, соның ішінде соқ­қы түтіктерінде алынған тұ­тану кідіріс уақыттары, лами­нар­лы жалын жылдамдығы және мінсіз араласу мен ағын­ды реакторлардағы концен­тра­ция профильдері туралы ақпарат нақтыланды.

Зерттеу әдістері әзірленген реак­ция моделін Chemkin Pro және Cantera сандық бағ­дар­ла­ма­ларын пайдаланғанда жану процестері химиялық ки­нети­ка­лық модельдеу орын табады. «Жану химиясы» және «Жану және жалын» бағдар­ла­малары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Кафедраның ғылыми семи­нар­ларына қаты­сып, про­фессор­лар Оскар Хайд­ның мен Агнес Иоханың және PhD На­дежда Славин­ская­ның же­текшілігімен кон­суль­тациялар алынды.

Гранада университеті «Био­ме­дицина» зерттеу орталы­ғын­да зерттелініп жатқан жұ­мыс гипергликемия жағ­дайында NF-kB қабыну жолына ме­ла­то­нин/CoQ10 терапиясын жүргізу негізінде 2 типті қант диабеті кезінде эндотелий дисфунк­ция­сын жеңілдетуге бағыт­тал­ды. Қант диабеті – ХХІ ғасыр эпидемиясы. Эндотелий дис­функ­циясын алдын ала диаг­нос­тикалау ауыр және жиі өлім­мен аяқталатын жара­қат­тары бар науқастардың санын азай­туға көмектеседі. Зерттеу жүр­гізіп жатқан жұмы­сы­мыз­дың 2 типті қант диабетінің ал­дын алуда, қабынуға қарсы және антиоксиданттық қасиет­терімен бірге қосымша емдеу бойынша оның тиімділігін көр­сету. Бұл терапиялық тұрғыдан алғанда өте іргелі кезең болып саналады. Сонымен, біздің мақ­сатымыз: гипергликемия және қартаю жағдайында ұсы­нылған емдеудің (мелатонин/CoQ10 комбинациясының) NF-kB жолына әсерін бағалау. Нор­могликемия және гипер­гли­кемия жағдайында өсірі­ле­тін коммерциялық HUVEC клет­ка­лары қолданылды. Біз in vitro үлгісін пайдалана оты­рып, ем­деуге дейін және кейін гипер­гли­кемиялық жағдай­лар­да эн­до­телий жасу­ша­ла­рын ем­деудің тиімділігін ба­ғалау үшін ұсынылған бірнеше мар­­кер­лер қарастырылуда. C-CTS-094-UGR23 «Mitochondria and exo-miRNAs, therapeutic targets for the treatment of endothelial dysfunction in diabetes» (2024-26 жж.) халықаралық жобаның ғылыми қызметкері (Испания, Гранада қ.) болып, бірлескен жұмыстар атқарыла бастады.

Жалпы, аталған ғылыми орын­дарда ғылыми тағы­лым­даманы өту барысында ын­ты­мақтастықтың жаңа бағыттары құрылып, магистранттар мен PhD докторларды даярлауда бірлескен жобалар бойынша университет профессор­ла­ры­мен бірқатар кездесулер ұйым­дастырылды.

Айжан НҰҒЫМАНОВА,

PhD, Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы

Ботагөз ҮСІПБЕК,

PhD, Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының аға оқытушысы