Қазақстан – Әзірбайжан рухани байланысы

18 шілде, 2024

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуыр­да Әзірбайжанға жасаған мемлекеттік сапары жемісті болды. Тараптар сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ цифрландыру, азық-түлік қауіпсіздігі және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы ықпал­дас­тық бойынша келіссөз жүргізді. Соның нәтижесінде 10-нан астам құжатқа қол қойылды.

Әрине, ынтымақтастық не­­­гіз­дері рухани, мәдени-гу­ма­нитарлық, ғылыми бай­ла­ныс­тарда жататыны анық. Әзір­­­­­байжан Президенті Илхам Әлиевтің «Қазақстан мен Әзір­­байжан – бауырлас мем­ле­кет­тер. Халқымыз ға­сыр­лар бойы тату, бауырлас ел ре­тінде ын­тымақтастықта өмір сүріп ке­леді» деген сөз­дері екі ха­лық­тың тарихи бір­лігін паш етеді.

Түрік халықтары ретінде екі елді ортақтастыратын әдеби, мәдени, тарихи, рухани дүние­лер аз емес. Мәселен, солар­дың қатарында Қорқыт атаның «Китаби Дедем Қорқыт», Мах­мұд Қашқаридың «Диуан Лұғат ат-Түрік», Жүсіп Баласағұн мен Низами Гәнжауидың үндескен трактаттарын, Нәсир әд-Дин әт-Туси мен Имамеддин Наси­ми­дің философиялық ойларын атауға болады.

Тәуелсіздіктен соң екі ел ара­сындағы интергация бел­сенді жүрді. 1993 жылғы шіл­деде Алматы қаласында алты ел – Әзірбайжан Рес­пуб­ли­касы, Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы, Қыр­­ғыз Рес­пуб­лика­сы, Тү­рік­менстан Рес­пуб­ликасы, Тү­рік Республикасы және Өз­бек­стан Республикасы «ТҮРКСОЙ мен оның жұмыс iстеу қағидаттары туралы шарт­ты бекiту» жө­нін­дегі шарт­қа қол қойды. Бұл ұйым түрік халықтарының ин­тег­рациясы идеясын заңна­ма­лық және ұйымдастырушылық шеңберге рәсімдеген алғашқы құрылым.

Ал 2009 жылғы қазанда На­хычеван қаласында өткен Тү­рік­тілдес мемлекеттердің IX саммитінде кездесулер фор­ма­тын толыққанды халық­ара­лық (дәлірек айтқанда, өңір­лік) саяси ұйым форматына ай­налдыру туралы тарихи шешім қабылданды. Бұл – Түріктілдес мемлекеттердің ынты­мақ­тас­тық кеңесін  құру.  Түрік кеңесі қызметінің негізгі мақсаттары экономикадағы, мәдени-гу­ма­нитарлық сала­дағы бай­ла­ныс­тар­ды нығайту және эко­ло­гиялық қауіп­сіз­дікті дамыту болады деп бел­гі­ленді.

Әрине, мұндай маңызды сая­си шешімдер түріктілдес мем­лекеттер арасындағы ғы­лыми ынтымақтастыққа зор мүмкіндік ашты. Бір ғана мысал – Астанада құрылған Халық­ара­лық түрік академиясының қызметі. Дегенмен ынтымақ­тас­тықтың сипаты нақты кө­рі­ніске ие болу үшін біз оны әріптесіміз, философия ғылы­мы­ның докторы, профессор Ғазиз Телебаевтың мысалында көрсетуге бел будық.

Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы ғылыми байланыс 2008 жылы қарқын алды. Сол жылы Астанада «XX ғасырдағы астаналар ауысуы» деген атау­мен халықаралық конференция өткен болатын. Конферен­ция­ның белсенді мүшелерінің бірі болып техника ғылымының кандидаты, EmSa Co.ltd ком­па­ниясының президенті Эмиль Ахундов келді. Оның баян­да­масы сол кезде қызу талқыға түскен Әзірбайжан астанасын көшіру мәселесіне арналды. Ғалымның негізгі ойы – Баку қаласынан астананы көшірмей, теңіз жағалауындағы бос жер­лер­ге жаңа қала салу.

Ахундов мырза соңғы кез­дері әлемде астана ауыстыру тенденциясының күшейіп жат­қанын, соңғы жарты ғасырда әлемде 17 мемлекет астана ауыс­тырғанын тілге тиек етті. Со­нымен қатар ол Қазақ­стан­ның жаңа астанасында халық­аралық орталық ашу қажеттігі жөнінде бастама көтерді. Ол орталықтың қызметі астана ауыстыруға бел буған мем­ле­кеттерге кеңес беру болу ке­рек. Бір өкініштісі, бұл бастама мемлекеттік органдар та­ра­пы­нан қолдау таппады.

2013 жылы Астанада «Ас­та­налар туризм мен көрмелер орталықтары» атауымен ал­тын­шы жыл сайынғы халық­ара­лық конференция өткен болатын. Сол конференцияға Бакуден Низами Гәнжәуи атындағы Ұлттық әдебиет му­зейінің ғылыми қызметкері, PhD Назмин Джафарова келіп қатысты. Ғалым әлем ас­та­наларында бар музейлердің қызметін талдап, Бакуде қала тарихын бейнелейтін музей ашу керектігіне тоқталды. Баян­дамада музей кон­цеп­ция­сы жоғары ғылыми дең­гей­де жазылғаны байқалды. Кон­ференцияда біраз қа­тысушылар әлемдік тәжі­ри­бені ескеріп, Қазақстан астанасына арналған жаңа музей ашылса деген бастама көтерді.

Келесі, 2014 жылғы кон­фе­ренция «Ақпараттық қоғам кон­тексіндегі астаналар» атауы­мен өткізілді. Оған бір топ әзірбайжан ғалымдары қа­тыс­ты.  Баку мемлекеттік уни­вер­ситетінің оқытушы­ла­ры Хор­мет Джавадова пен Сабира Нейматзаде, Әзір­бай­жан Ұлт­тық ғылым ака­де­миясының ғы­лыми қызметкері Сабина Ней­мат­заде ақпа­рат­тық қоғам қалыптасуы туралы баяндама жасады. Баян­да­мада Әзір­бай­жан Респуб­ли­касында ин­тер­неттің таралуы және жаңа ақ­па­рат құ­рал­да­рының пайда бо­луы талқы­лан­ды.

Ұлттық әдебиет музейінің ғылыми қызметкері, PhD Наз­мин Джафарова ақпараттық қоғам жағдайында музей­лер­дің жұмысын жандандыру ту­ра­лы сөз қозғады. Музейлерді насихаттауда интернет пен басқа да коммуникацияларды тарту мәселелерін кеңінен ашып көрсетті.

Мектеп оқытушысы Вагиф Абасов нақты мысал келтіре отырып, Баку қаласын наси­хат­тау мәселесін көтерді. Оның айтуынша, «Біздің Баку» («Our Baku e.V.») сайты (ourbaku.com) қала тарихын сақтап қалуда, жерлестердің бай­ла­ныс­тарын үзбеуге көп еңбек етуде.

Кейіннен профессор Ғазиз Телебаев Көшпелілердің мә­де­ни мұрасы проблемалары жө­нін­дегі қазақ ғылыми-зерттеу инс­титутының директоры қыз­метін атқарған кезде «Тарихи-мәдени мұра және заманауи мәдениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізген болатын. Оның жұ­мы­сына бір топ әзірбайжандық ғалым қатысты.

Әзірбайжан сәулетшілер ке­ңесінің төраға орынбасары Фархад Моллазаде елдегі та­рихи шаһарлардың архи­тек­ту­ралық келбетінің қалып­та­суы­на тоқталды. Негізгі мә­селелер деп ол қалалардың эколо­гия­лық ахуалы, тарихи-мәдени келбетінің сақталуы, ескі ғи­ма­раттарды қалпына келтіруді атады.

Профессор, Әзірбайжан ҒА Сәулет және өнер инсти­ту­ты­ның директоры Эртегин Са­лам­заде түрік дүниетанымында «тамға» мен «тұғ» симво­ли­ка­лық концептілерінің орнын анық­тауға арналған мағынаға толы мақала ұсынды. Ма­қа­лада осы символдардың қазақ және әзірбайжан тарихында орын алғаны кеңінен талданды.

Қазақ-әзірбайжан ғылыми ынтымақтастығы сонымен бір­ге екіжақты болғанын айта кету керек. Философия ғылымының докторы, профессор, АҒА Фи­ло­софия және әлеуметтану инс­титуты «Қазіргі заманғы фи­лософия мәселелері» бө­лі­мінің басшысы Али Абасов керемет ғылыми жоба бастаған еді. Қазіргі заманғы фило­со­фия мен гносеология мәсе­ле­леріне арналған басылымдар сериясын шығару. 2011-19 жыл­дары бірінші серияның 10 кі­табы, 2021-23 жылдары екін­ші серияның тағы үш кітабы жарық көрді.

Профессор Ғазиз Телебаев сол серияның «Тарих фило­со­фия­сы: ретроспектива және перспектива» (2018), «Ұлттық философия» (2019) және «Мә­дениет және әлеуметтік өмір реформалары философиясы: әлем, ТМД, Әзірбайжан. Қо­ғам­ның әлеуметтік-рухани өмі­рі» (2023) ұжымдық моно­гра­фияларының авторы болды.

Оның «Түрік жазба де­рек­теріндегі «TENIRI» және «QUT» категориялары», «Түрік фи­ло­софиясы: тарихи ретрос­пек­ти­вадағы негізгі ұғымдар» және «Cultural policy concept in the Republic of Kazakhstan – new horizons in cultural development» атты мақалалары әзір­бай­жан ғалымдарының тара­пы­нан жоғары бағаға ие болды.

Профессор Ғазиз Телебаев тарапынан ғылыми ын­ты­мақ­тастық көріністері екіжақты болды: мақала тақырыптары және Бакуде өткен конфе­рен­ция­ларға қатысу. Мысалы, ке­йін­гі жылдары оның қаламынан шыққан мақалалардың біразы былай аталды: «Түрік фи­ло­софиясындағы түрік және араб дәстүрлері: Қожа Ахмет Ясауи мен Жүсіп Баласағұн», «Фило­соф­ские миры Низами Гянд­же­ви и Жусупа Баласагуни», «Ко­жа Ахмет Ясави, Омар Хайям и Алишер Наваи о человеке», «Понятие Тенгри в орхоно-ени­сей­ских источниках и памят­ни­ке Codex Cumanicus», «Фило­соф­ские понятия у Кашгари и Баласагуни и формирование тюркской картины мира».

Ал ғалым Әзірбайжан жерін­де қатысқан конференциялар атаулары: «Görkәmli türkoloq, professor Bәkir Çobanzadәnin anadan olmasının illik yubileyinә hәsr olunmuş «Azәrbaycan dili: dünәn vә bu gün» mövzusunda Bey­nәlxalq elmi konfrans» (2018), «Tarixin fәlsәfәsi: retrospektiv vә perspektiv. Философия истории: ретроспектива и перс­­пектива. The Philosophy of History: Retrospective and Perspective» (2018), «Xalqlari qo­vuş­duran Xәyyam sözü. Bey­nәl­xalq konfrans» (2018), «Klassik Azәrbaycan әdәbiyyati vә incә­sә­tinin milli όzόnόtәsdiqdә vә Mәrkәzi Asiyadaki mәdәni yeri. Beynәlxalq konfrans» (2020), «Nizami Gәncәvi "Xәmsә"sinin Şәrq-Qәrb әdәbi-mәdәni әla­qә­lәri sistemindә yeri vә yaratdığı yeni istiqamәtlәr: Dahi Azәr­bay­can şairi Nizami Gәncәvinin anadan olmasının 800 illiyinә hәsr olunmuş beynәlxalq elmi konfrans» (2021).

Ынтымақтастықтың жоғары деңгейі профессордың 65 жыл­дық мерейтойына арнал­ған ғылыми конференцияда дә­лелденді. Конференцияға жі­берген құттықтауында про­фес­сор Али Абасов былай деп жаз­ды: «Мен қазақ фило­со­фы­ның ғылыми қызметі мен шы­ғар­машылығына берілген жо­ғары бағаны растағым келеді. Профессор Ғазиз Телебаев біраз жыл бойы Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы шы­ғарған көптомдық зерт­теу­ге белсене қатысты. Әлемнің көп­теген елінің ғылыми қа­уым­дас­тығы (әртүрлі моногра­фия­ларға 15-20 елдің өкілдері қа­тыс­ты) оның танымдық ма­қалалары есте қалардай дең­гейде жазылғанын бағалады. Философияның қазіргі мәсе­ле­лері бойынша жарияланған монографиялардың авторлары профессор Ғазиз Телебаевты жеке танитынын және оның ғы­лыми-философиялық шығар­ма­шылығын жоғары баға­лай­ты­нын жеткізгенін айта кеткен жөн. Біздің сырттай ынты­мақ­тас­тығымыз профессормен жеке танысумен жалғасты. Фи­ло­софиялық және этно­кон­фес­сия­лық проблемаларды зерт­теу әдіснамасына арналған көптеген талқылауларымыз есімде қалды».

Осылайша әзірбайжан-қа­зақ ғылыми ынтымақтастығы түр­кі бірлігін нығайту қа­ма­лы­ның бір кірпіші болып қалануда.

Бекжан Мейірбаев,

философия және саясаттану факультетінің деканы

Әсет Құранбек,

Философия кафедрасының меңгерушісі