БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ – ТІРЛІК БАР

3 қыркүйек, 2024

Биылғы Жолдау – 2024, халық үніне құлақ асатын жаңа Қазақстан құрылып жатқандығын байқатты және мемлекет басшысының қабылдаған реформалары көптің көңілінен шыққандығы айтпаса да белгілі. Президент бірқатар проблеманың басын қайырды және жаңа бастамаларды жария етті. Соның ішінде келесі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауы керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы екендігін ашып көрсетті.

Мемлекет басшысының айрықша міндеті ол – еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу дегендігі салмақты, сонымен қатар елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік екендігін «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген атам қазақ. Ел бірлігі қашанда ең басты құндылық саналған. Қазір оның өзектілігі арта түсті, осының барлығын мемлекет басшысының үндеінен көре аламыз және халқымыз татулық пен тұрақтылыққа ерекше мән берген. 

Жолдауда маңызды секторлардың бірі, жоғарғы оқу жұмыстары, яғни  Отандық жоғары оқу орындарының білім сапасы артқан сайын ондағы оқу ақысы да өсе түсетіндігі, сондықтан мемлекет ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесіне және басқа да көрсеткіштерге байланысты білім беру гранттарын әртүрлі деңгейде бөлуді жоспарлап отырғандығы. Оның көлемі 30-дан 100 пайызға дейінгі аралықта болатыны өте қуантады. Сонымен қатар жаңа ерекше жаңалық ол - білім алуға жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын жеңілдетілген несие де беріледі. Бұл шаралар жоғары білімнің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, қоғамдағы әріптестік және өзара жауапкершілік қағидатын нығайта түсетідігін үндеді.  
Жоғарғы оқу жұмыстарының келесі маңызды мәселесі – студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жоспарланғандығы, өте қуантады. Студенттердің жекелеген, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған санаттары үшін пәтер жалдауға кететін шығынын субсидиялау мүмкіндігін де қарастыруға болатындығы жарияланды. Жоғары оқу орындары жанындағы эндаумент-қорлар білім берудің экожүйесін дамытудың негізгі буынына айналуға тиіс. Мақсатты капиталдың мұндай қорлары әлемдегі озық университеттерде ғылымды және инновацияны қаржыландырудың өзегі саналады және біздің елде заманауи қадам алғаны барлығымызға тиімді. 

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы
3 курс докторанты Габдыкаримова Г.С.