Қауіпсіз орта құру маңызды

19 қыркүйек, 2024

Қазіргі қарқынды және динамикалық әлемде адамдардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтама­сыз ету басты мә­селе. Соңғы уақытта жиі орын алып жат­қан жазатайым оқи­ғалар мен төтенше жағдайлар өмір қауіпсіздігі мәдениетін қалып­тас­тыруға күш са­лудың өзекті қажеттілігін айқын­дап берді. Тіршілік қауіпсіздігінің мәдениеті адам­дар­ды зияннан қорғай­тын және тәуекел­дер­ді азайтатын қауіп­сіз ортаны құру үшін маңызды. 

 

Өмір қауіпсіздігіне ба­сым­дық беретін ұжымдық мә­де­ниетті дамыту арқылы кә­сіп­орындар, қауымдастықтар және жеке адамдар төтенше жағ­дайлар мен апаттар ал­дында жалпы төзімділігі мен дайындығын арттыра алады. Өмір қауіпсіздігі мәдениетін жақсарту үшін әртүрлі стра­те­гиялар мен үздік тәжі­ри­белерді қарастырған абзал. Тіршілік қауіпсіздігі мәде­ние­тін арттырудың негізгі тірек­те­рінің бірі – хабардарлық пен білімді насихаттау. Тө­тен­ше жағдайлардың алдын алу, жою және апатқа дайындық сияқты тақырыптар бойынша оқу сабақтарын, семи­нар­лар­ды және білім беру ре­сурс­та­рын ұсына отырып, ұйым­дар дағдарыс уақы­тын­да тиімді әрекет ету үшін қа­жетті білім мен дағдыларды үй­­ретеді. Со­нымен қатар тұ­рақты жат­тығуларды өткізу қа­уіпсіздікті күшейтуге және қыз­мет­кер­лердің төтенше жағ­­­дайларға да­й­ын болуын қам­­­тамасыз етуге көмек­те­седі.

Тіршілік қауіпсіздігі мәде­ние­тін қалыптастырудың та­ғы бір маңызды аспектісі – қауіпсіздік саласындағы про­­цедураларды әзірлеу және енгізу. Жауапты ұйым­дар төтенше жағдайларға әре­кет ету, тәуекелдерді ба­ға­лау және ықтимал қауіп­терді анықтау үшін нақты нұсқауларды даярлау керек. Технология мен иннова­ция­ның интеграциясы – IT құ­рыл­ғылары, сенсорлар, авт­о­­мат­тандырылған ескерту жү­йе­­лері және болжамды тал­дау сияқты озық техн­о­логияларға инвестиция салу арқылы қауіптерді анықтау, әрекет ету және азайту қа­білетін арттыруға болады. Тір­шілік қауіпсіздігі мәде­ние­тін арттыру – үздіксіз жетіл­ді­руді талап ететін үздіксіз процесс. Өмір қауіпсіздігі мә­дениетін арттыру адамдарды зиян­дардан, апаттардан қорғайтын және тәуекелдерді барынша азайтатын қауіпсіз жә­не тұрақты ортаны құру үшін маңызды.

Төтенше жағдайларда ка­др қызметкерлерінің пси­хо­­ло­гиялық дайындығы болу қажет. Төтенше жағдай, апат төңірегінде қалыпты хал-ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру процесінің жиілігі болып табылады. Бұл про­цес­терді қалпына келтіру үшін қосымша күш пен қа­ра­жатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді.

Төтенше жағдайларды жою кезінде техногендік, та­биғи және психологиялық фак­торлардың адамға зиян­ды әсер етуі нәтижесінде ден­саулығының бұзылуына: жаралану (контузия, жарақат алу, мертігу), радиациялық, химиялық және бак­терио­ло­гиялық зақымдану; асқынған соматикалық және жұқпалы аурулар, созылмалы ауру­лардың асқынуы, психо­эмо­цио­налдық және психо­со­ма­тикалық бұзылулар жатады. Төтенше жағдай кезінде ден­саулыққа зиянды әсерлерден де маңыздысы – оның пси­хи­касы мен санасының жа­ра­қа­ты. Оның көлемі, әсері не­ғұр­лым көріністі болса, ол көрініс адамның жанында ұзақ уақыт өмір сүреді. Бірақ жара­ты­лы­сына қарай төтенше жағдайға тап болған барлық адам­дар­дың қабылдау психикасы бірдей болмайды. Біреулер тез өзінің ішкі өмірлік ре­сурс­тарын жинақтап, оған шешім қабылдауға дайын болса, басқаларының жұмыс қабі­ле­ті төмендеп немесе жойылып, денсаулығы нашарлап, фи­зиологиялық және психо­ло­гиялық жағынан төмендеу құбылысы пайда болады.

Адам табиғаттағы, өн­діріс­тегі, көлік апаттарының төтенше жағдайдың басы-қасында болғанда оқиғаны әртүрлі бағалайды. Бірер адамнан шыққан үрейлену көпшілікке берілсе, онда жап­пай үрей туындауы мүмкін. Қор­қыныш сезімін білмеген адамдар жағдайды шынайы бағалай алмайды немесе асыра сілтеуге бейім тұ­ра­ды. Олар өз сезіміне бой ұрып, жа­уапкершілікті жо­ғал­тады. Бұн­дайда теріс тү­сінушілік, бұрмалаушылық әң­гімелер көп болады. Сон­дықтан адам­дарды төтенше жағ­дайларға алдын ала да­йын­дау маңызды жұмыс.

Құтқарушылардың оқу жұ­­­мысының мақсаты – қо­ғам­ды олардың азаматтық жа­уапкершілігін қалып­тас­ты­ру және тәрбиелеу сезімін көтеруі тіпті өмір үшін қауіпті болатын қандай қиындықтар болса да, берілген тап­сыр­маны орындауға дайын болу. Адамдар қауіпте әртүрлі әре­кет етеді, бірақ бір нәрсе бел­гілі: жақсы үйретілген, білімді, моральды және пси­хо­ло­гия­лық дайындалған адам тө­зімді, сенімді және батыл әре­кет етеді.

Әл-Фараби атындағы Қа­зақ ұлттық университеті (www.kaznu.kz) география және табиғатты пайдалану фа­культетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО ка­фе­дра­сында «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсізігі» мамандығы жо­ғарыда аталған мамандарды даяр­лайды. Атап өткен мә­селелер бойынша үнемі ашық сабақтар, эдвайзерлік са­ғаттар өткізіліп, халықаралық, рес­публикалық дәрежедегі дөңгелек үстелдер ұйым­дас­тырылып отырады.

Айгүл ҚОЖАХАН,

техника ғылымының кандидаты,

қауымдастырылған профессор