Көркем әдебиет – жастар көзімен

19 қыркүйек, 2024

Қазіргі қоғамда кітап оқу мәдениеті, оны талдау үрдісі мен талғам таразысы жан-жақты қалып­та­сып, дамып келе жат­қаны қуантады. Көр­кем әдебиет те үнемі дамып, қоғам сұранысын қанағат­тан­дырып, оны алға сүйреп отыратын ғаламат құбылыс. Ол үнемі жаңарып, да­мып, жетіліп отыра­ты­ны да ақиқат. 

Бүгінгі оқырманның тал­ға­мы, оның ішінде жаңа заман жастарының интеллектілік се­зімі мен зерделі парасаты, шы­ғар­маны жаңа қырынан тану мүм­кіндігі, көркем мәтінді тү­сіну, түйсіну және талдау қа­білеті де айрықша. Олардың қа­­ламгерлердің өзгеге ұқса­май­тын суреткерлік әдісі мен көркемдік құпиясының астарын аңғарып, оны оқырманға жет­кі­зуде рухани көпір міндетін адал һәм шынайы атқарып, өзіндік ой айтып, тұшымды тұ­жы­рым жасай алатыны қуан­та­ды. Ұлттық құрылтайда Мем­ле­кет басшысы Қасым-Жомарт Ке­мелұлы Тоқаев: «Біз, ең ал­ды­мен, жастарды кітап оқуға бау­луымыз керек. Сонда жап­пай кітап оқитын ұлтқа айна­ла­мыз», – деген пікірі де бар­ша­мызға ой салуы тиіс.

Осы орайда, филология фа­культетінде білім алып жат­қан, болашағынан үміт күт­тіретін жас әдебиетшілердің шы­ғарманы талдауы, ондағы жазушы мұратының, қолданған көркемдік әдіс-тәсілдері мен тіл құнарлылығының сонылы­ғын дөп басып, кейіпкерлерінің еш­кімге ұқсамайтын өзгеше әле­мін, қаламгерлердің сурет­кер­лік шеберлігін жіті аңғарып, оған өздерінің ой-пікірін біл­діруі құптарлық іс.

Шоқан АМАНГЕЛДІҰЛЫ,

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы