ҚазҰУ-да «Әлеуметтік лингвистикалық терминдер сөздігі» кітабының тұсаукесері өтті

28 қыркүйек, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығы аясында оқу ордасында «Тілдердің жүйелік типологиясы: түркітанушылар мен славистердің лингвистикалық тұжырымдамалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Түркітану және алтайтану ҒЗИ, филология факультетінің Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы ұйымдастырып, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырды.     

Дөңгелек үстел тәжірибе мен білім алмасу үшін ғалымдардың, зерттеушілердің күш-жігерін біріктіруге, сондай-ақ қоғамның заманауи рухани жаңғыруы жағдайында әртүрлі ғылыми тұжырымдамаларды зерттеу мен сақтаудың жаңа әдіснамалық тәсілдерін әзірлеуге бағытталған. Іс-шараға отандық және шетелдік ғалымдар, оқытушылар мен студенттер қатысты.  Ұйымдастырушылар атап өткендей, іс-шараның мақсаты­ – түркологтар мен славистер әзірлеген тілдердің жүйелік типологиясы тұжырымдамаларын талқылау.

Дөңгелек үстел жұмысын филология ғылымының докторы, профессор, Түркітану және алтайтану ҒЗИ атқарушы директоры Нұрсұлу Шаймерденова  ашты.

Құттықтау сөз сөйлегендер: филология ғылымының докторы, профессор, ҚазҰУ филология факультеті деканының м.а. Баян Жолдасбекова, филология ғылымының докторы, Шетел филологиясы және аударма  кафедрасының профессоры Элеонора Сүлейменова.

Іс-шара аясында «Түркітану» сериясымен шыққан «Әлеуметтік лингвистикалық терминдер сөздігі» кітабының тұсаукесері өтті.  Авторлары: Э.Сүлейменова, Н.Шаймерденова, Ж.Смағұлова, Д.Ақанова.  Кітап 2024 жылы «Қазақ университеті» баспа үйінде жарық көрді.  «Түркітану» сериясының бас редакторы – филология ғылымының докторы, профессор Ж.Қ.Түймебаев.

Іс-шара қатысушыларына қызықты баяндамалар мен презентациялар ұсынылды. «Тілдердің жүйелік типологиясы: Г.П.Мельниковтың лингвистикалық тұжырымдамасы» атты баяндаманы филология ғылымының докторы, РУДН (Мәскеу қ.) Орыс тілі және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының профессоры Ұлданай Бақтыгереева жасады. Спикер физика және лигвистика ғалымына атсалысқан ғалым Г.П.Мельниковтың зерттеулері мен еңбектері туралы баяндады. «Алдыңғы қатардағы ғалымдармен салыстырғанда Геннадий Мельников тілдің ішкі детерминантының коммуникативті шарттылығынан туындайтынын айтқан. Тіл – ең алдымен, ойлау құралы емес, коммуникативті құрылғы. Г.Мельников сіз басқа мәдениетке сіңісіп ауысқанның өзінде, оған ешқашан толық сіңісе алмайтыныңызды және басқаша болмайтыныңызды айтты.  Хомо сапиенстің ойлауы әмбебап, әйтпесе біз бір-бірімізді түсіне алмас едік. Біз бір түрміз. Жалпы ойлау санасын тілдік ойлаумен анықтау мүмкін емес», ­– деп атап өтті.

«Қ.Бектаевтың лингвистикалық тұжырымдамасы: Қазақстандағы компьютерлік лингвистиканың бастауы» тақырыбында филология ғылымының кандидаты, Astana IT University (Астана қ.) ассистент-профессоры Джемма Аманжолова баяндама жасады. Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының профессоры, ҚазҰУ Түркология және алтаистика ҒЗИ атқарушы директоры Нұрсұлу Шаймерденова «В.Д.Аракиннің жүйелік типологиясы және түркі тілдерінің типологиялық паспорты» тақырыбында презентация ұсынды.

Сондай-ақ дөңгелек үстелде филология ғылымының докторы, Түркология және алтаистика ҒЗИ «Қолжазбалар зертханасының» меңгерушісі Ұлжан Мұсабекова, ҚазҰУ докторанты, Түркология және алтаистика ҒЗИ «Қолжазбалар зертханасының» жетекші маманы Аққұралай Искендир, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының профессоры Меңдіғаным Шаймерденова, ҚазҰУ-дың Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының докторанты Айнұр Кикбаева және т.б. баяндама жасады.

Шара соңында ғалымдар жүйелік тіл типологиясына қатысты мәселелерді талқылап, сондай-ақ белгілі лингвистердің бірқатар зерттеулеріне салыстырмалы талдау жасады.

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі