Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының атом электр станцияларының жұмыс істеу принциптері бойынша семинар-талқылауы

4 қазан, 2024

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары 2024 жылдың 3 қазанында №4 студенттік жатақханада референдум алдындағы қызу тақырып атом энергетикасы бойынша семинар-пікірталас өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі халыққа жолдауында еліміздің энергетика саласына ерекше көңіл бөліп, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және электр энергиясының импортынан кезең-кезеңмен бас тарту міндетін қойды. Қазіргі уақытта атом электр стансасын салу қажеттігі туралы пікірталастар жүріп жатыр, біз әлемдегі ең ірі уран өндіруші екенімізді атап өткен жөн. Соңғы шешім жалпыхалықтық референдум нәтижесі бойынша қабылданады. Осы орайда тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары Базарбаева Т.А., Мұқанова Г.А., Жолдасбек А.Е. 2024 жылдың 3 қазанында №4 студенттік жатақханада тақырып атом энергетикасы бойынша семинар-пікірталас өтті. Іс-шара қоршаған орта және энергетика мәселелеріне қызығушылық танытқан әртүрлі факультеттердің студенттерін біріктірді.

Атом электр станциясы елдің энергетикалық қажеттіліктерін қанағаттандырудың технологиялық, экономикалық және экологиялық тізбегінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстанда қазірдің өзінде жақсы кадрлық әлеует бар, сонымен қатар, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің теориялық және ядролық физика кафедрасында ядролық физика және технология саласындағы мамандар дайындалуда. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы тұрақты дамудың негізгі тұжырымдамаларымен таныстырды және көміртегі шығарындыларын азайтудың шешімдерінің бірі атом энергетикасы болуы мүмкін екенін түсіндірді. Олар сондай-ақ дұрыс басқару жағдайында атом электр станциялары сенімді және тұрақты энергия көзін қамтамасыз ете алатынын атап өтті.

Шара барысында қатысушылар атом энергетикасының қауіпсіздігі, ядролық қалдықтарды орналастыру және қоршаған ортаға тигізетін ықтимал салдарларды белсенді түрде талқылады. Студенттердің сұрақтары нақты әрі өзекті болып, қызу пікірталас тудырды.
Студенттер семинардан жаңа біліммен және маңызды мәселелерді тереңірек зерттеуге ынтамен шықты.