- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған дәріс өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған дәріс өтті.

2024 жылдың 4 қазанында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетінде «Коррупцияның қоғамға ықпалы және оны еңсеру жолдары» тақырыбында маңызды дәріс сәтті өтті. Дәрісті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік басқару саласындағы белгілі сарапшы, профессор Нургисаев Серикбай Уригбаевич жүргізді.
Іс-шараның мақсаты - студенттер мен оқытушыларды сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін теріс әсерлерімен таныстыру және оны еңсеру жолдарын қарастыру. Дәріс барысында профессор Нургисаев Серикбай Урикбаевич коррупцияның экономикалық тұрақтылықты бұзып, қоғамдағы теңсіздікті қалай арттыратынын терең түсіндіріп берді. Сондай-ақ, ол Шығыс елдерінің осы мәселені шешудегі тәжірибелеріне тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық жағдайды талқылады.
Дәріс барысында қатысушылар коррупцияның әлеуметтік және экономикалық салдарлары туралы жаңа ақпарат алды және шығыс елдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілетін күрес шараларына талдау жасады. Сонымен бірге қатысушылар еліміздегі жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін талқылады.
Дәрістен кейін студенттер мен оқытушылар сөйлеушіге сұрақтар қойып, пікірталасқа белсенді қатысты. Кездесу сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбы бойынша маңызды білім мен тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Бұл іс-шара Шығыстану факультетінің білім алушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен оның терең әсерлерін түсінуге ықпал етті.
Басқа жаңалықтар

