Гуманитарлық мәдениеттің жаршысы

11 қазан, 2024

Ахтаева Надия Сейілханқызы 1952 жылы бұрынғы Семей (қазіргі Абай) облысы Ново-Покровка кентінде дүниеге келген. 1969 жылы орта мектепті бітірген соң, «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Н.К.Круп­ская атындағы Семей педагогикалық институтына оқуға түседі. 
Еңбек жолын 1975-79 жж. Қазақстан тұтынушылар одағының Аң терісі-мех техникумы комсомол комитетінің хатшысы қызметінен бастайды. 

Сол кездегі қоғамның тірегі болып тұрған комсомолға қыз­мет етемін деген жас маман­ның жоспарын ғылымды мең­ге­руге деген қабілетін бай­­қаған институттағы тәлім­гері Марга­рита Владимировна Коваль­цова біржолата өзгертті. Нә­ти­жесінде 1979 жылы Мәскеу қа­ласына жол тартып, 1984 жыл­ға дейін Мәскеу мем­лекет­тік педагогикалық университеті жоғары мектебінің Педагогика және психология кафедра­сы­ның ізденуші-стажері, кейін ас­пиранты болады.

Надия Сейілханқызына Мәс­кеу қаласында өткен аспи­рант­тық өмірі посткеңестік кезеңнің танымал ғалымдарымен таныс болу бақытын сыйлайды. Ол бел­гілі кеңес ғалымы, МПГУ про­­фессоры, академик Ю.П.Со­кольниковтің шәкірті болады. Педагогикалық және әлеу­меттік ғылымдар академиясы жанындағы «Воспитание» ай­мақ­аралық зерттеу ассоциа­ция­сының президенті болған ғалым, шебер ұйымдастырушы жас аспиранттың бойында ғы­лымға деген қызығушылығын оятып, кейінгі ғылыми ізде­ні­сіне жол ашады. Нәтижесінде үл­кен еңбек пен табанды­лық­тың арқасында жас ғалым 1984 жылы Мәскеу қаласында «Тео­рия и история педагогики» ма­мандығы бойынша канди­дат­тық диссертациясын сәтті қорғап шығады.

Ғылым нәрімен сусындаған Надия Сейілханқызы өзінің ғы­лыми-педагогикалық еңбек жолын елге келіп жалғас­ты­рады. 1984-93 жылдар аралы­ғында Шәкәрім атындағы Се­мей мемлекеттік университеті Педагогика және психология кафедрасының оқытушысы, Е.А.Букетов атындағы Қара­ған­­ды мемлекеттік универ­си­теті Педагогикалық коррекция мен әлеуметтік бейімдеу кафе­дра­сының аға оқытушысы, ка­федра меңгерушісі ретінде жал­­ғастырады.

Өзінің тағылымы мен тәжі­ри­бесін шыңдау мақсатында Ал­маты қаласына қоныс ауда­рып, 1993-96 жж. Қазақ ұлттық аграрлық университеті Жалпы және кәсіби психология каф­е­драсының доценті, 1996-2001 жж. Абай атындағы Қазақ ұлт­тық педагогикалық универ­ситеті Педагогика кафедра­сы­ның доценті болып қызмет атқарады.

 Осы аралықта жоғары оқу орны педагогтарының қызмет­те­ріне ғылыми-зерттеу жұмы­сын жүргізіп, нәтижесінде 2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Системно-психологическая подготовка современного пре­по­давателя вуза» тақыры­бын­да докторлық диссертациясын үлкен абыроймен қорғап шы­ғады. 2002 жылдан бастап Қа­зақ ұлттық университетінің ша­­қыртуымен Жалпы және қол­­дан­балы психология ка­фе­дра­сының доценті, профес­со­ры қызметін атқарады.

Қазіргі таңда Н.Ахтаева кафедраның жетекші маман­дарының бірі. Қазақстан пси­хо­логтарының ұлттық ассоциа­ция­сы баспасының әр санынан ғалымның мақалаларын не­месе психология классик­те­рі­нің ғылыми еңбектерінің ке­зек­ті аудармасын табуға болады. Ғалымның 200-ден аса еңбегі жарияланған, олардың ара­сын­да импакт-факторы жо­ға­ры бірқатар халықаралық дең­гейдегі мақалалар, үш мо­­нография, 20 оқу құралы бар. Сондықтан ғалымның бұл еңбектері сабаққа дайындалу, сабақты ұйымдастыру бары­сын­да жас оқытушылар қол­да­натын бірден-бір құрал. Сол се­бепті ғалымды жастардың ұстазы деуге әбден болады.

Н.Ахтаева кафедрадағы екі тілде (қазақша, орысша) бір­дей дәріс оқитын, пікір айтатын және еңбектері екі тілде бірдей жарияланатын еліміздегі аз ғалымдардың бірі. Ғалымның жетекшілігімен төрт канди­дат­тық диссертация, көптеген ма­гис­трлік диссертациялар мен диплом жұмыстары қорғалған.

Ғалымның есімі қазақ­стан­­дық психолог, педагог ға­лым­дар мен практиктер ара­сында «Басқару психо­ло­гиясы», «Әлеу­меттік психо­ло­гия», «Мек­тептегі психо­ло­гия­лық қызмет», «Білім берудің практикалық психологиясы», «Психологиялық экспери­мент­тің теориясы мен практикасы», «Теория и практика психо­ло­гической подготовки совре­мен­ного преподавателя вуза», «Эксперименттік психология» еңбектерімен танымал.

Профессор 2010 жылы пси­хо­логия теориясы мен прак­ти­касын дамытуға қосқан ерен үле­сі үшін Психология ғылым­да­рының халықаралық ака­де­миясы президиумының «Құр­мет грамотасымен», 2017 жы­лы аталған президиумның «Құр­мет» медалінің иегері болды. 2016 жылы «Жоғары оқу ор­ны­ның үздік оқытушысы» атанды.

Ғалым еңбек жолында өзінің біліктілік деңгейін жоғарылату мақсатында отандық және шет­елдік 25 үздіксіз курстан өтіп, шеберлігін шәкірттеріне үйретеді.

Надия Сейілханқызы – гума­ни­тарлық мәдениеттің жар­шы­сы. Оған ғалымның өміріндегі меңгерген мамандық түрлері дәлел бола алады. Сондықтан ғалым қазіргі таңда өзінің ғылыми-педагогикалық жо­лы­мен жас ғалымдарға жетекші болумен қатар, қазақ пси­хо­ло­гиясынан өзінің ойып алған орнымен ғалым-ұстаз-ана ре­тін­де танылды.

 Нұржамал

ТІЛЕНШИЕВА,

педагогика ғылымының кандидаты

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы