2024 жылдың 10 қазанда география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының аға оқытушысы Иканова А.С. "6В07303-Жерге орналастыру" мамандығының 4 курс студенті А.Е. Жасыбековамен бірге 4 курс студенттеріне тұрақты дамудың 12 бағыты - "Жауапты тұтыну және өндіріс" мәселелерін түсіну мақсатында "Аз қалдықты және ресурс үнемдеуші өндірістің тиімділігі мен дамуы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел барысында тұтыну мен өндірістің ұтымды үлгілеріне көшуді қамтамасыз ету мәселелері дүниежүзілік елдер мен еліміздің мәліметтері негізінде талқыланды. Жыл сайынғы тұтыну мысалында құны 1 трлн долларға тең өндірілген азық-түлік мөлшерінің 1,3 миллиард тоннасы, тұтынушылық және бөлшек сауда кәсіпорындарының өнімдері қоқыс жәшіктерінде шіріп кетеді немесе тасымалдау мен жинау жағдайларының дұрыс болмауына байланысты нашарлайды екен. Егер әлем халқы энергияны үнемдейтін шамдарды пайдалануға ауысса, әлем 120 миллиард доллар қаражатты үнемдейді екен. Қазіргі урбанизация, индустрияландыру, халықтың өсуі және экономикалық даму қалдықтарының көбейуі, олардың күрделілігі мен қауіптілігіне тікелей әсер етеді. 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму аясында қалдықтарды дұрыс басқару мен аз қалдықты экономикада ресурстарды пайдалану кешенді стратегиялық көзқарасты қалыптастыруға шақырады.
Дөңгелек үстелде өткізілген пікірталастар студенттерге тұтыну мен өндіріс қалдықтарының мәселелерін тереңірек түсінуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар "Жауапты тұтыну мен өндіріс" мақсатын жүзеге асыруда, біздің тұтыну мен өндіріс стереотиптерімізге өзгерістер енгізу арқылы әркімнің қоршаған ортаны қорғауға көмектесетін тәсілдерімен таныстыруға тырысты. Өз мысалымызда әрқайсымыз қалдықтарды азайту арқылы, тұтыну қалдықтарын қалай және қанша мөлшерде жинақтайтынымызға жауапкершілікпен қарау арқылы қоршаған ортаны қорғауға өз үлесімізді тигізетіндігіміз айтылды. Сонымен қатар тұтыну қалдықтарын сұрыптау кезінде қауіпті қалдықтарды (батареялар, флуоресцентті шамдар, дәрі-дәрмектер және т.б.) жинау және арнайы қабылдау орынндарына өткізі қажеттілігінің маңызы ашылып, талқыға түсті.