Қазақстанда азаматтық қоғам элементі ретінде төрелікті дамытуFarabi University

Қазақстанда азаматтық қоғам элементі ретінде төрелікті дамыту

24 қазан, 2024

024 жылғы  24 қазанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінде «Қазақстандағы төрелікті дамыту азаматтық қоғам элементі ретінде» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Бұл іс-шара кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен және БҰҰ ТДМ № 16 іске асыру шеңберінде өткізілді. Аталған ғылыми семинарға ҚазҰУ заң факультетінің деканы, доцент, з.ғ.к., У.А. Ахатов, кафедра меңгерушісі, профессор Г.А. Қуаналиева, PhD докторы Г. К. Рашева, 1-курс докторанты Т.С. Смагулова, сондай-ақ шақырылған қонақ Қазақстан Халықаралық Арбитраж Атқарушы директоры, Каспий университетінің жеке құқық ғылыми-зерттеу институты, Қазақстанның Төрелік палатасы аппаратының басшысы, ҚР Конституциялық Соты жанындағы ҰҮК мүшесі, Түркі төрелік қауымдастығы басқармасының мүшесі (Париж), заң ғылымдарының кандидаты Ә.Е.Дүйсенова қатысты. Ғылыми семинар жұмысына заң факультетінің 1 және 4 курс студенттері белсенді атсалысты.
Тұрақты даму мүддесінде бейбітсүйгіш және ашық қоғам құруға жәрдемдесу, барлық адамдар үшін сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және кеңінен қатысуға негізделген мекемелерді құру БҰҰ-ның басым міндеттерінің бірі болып табылады. Бейбітшілікке, әділдік пен ашықтыққа қол жеткізу үшін үкіметтер, азаматтық қоғам мен қауымдар зорлық-зомбылық ауқымын қысқартуға, сот төрелігін іске асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске және жалпыға ортақ қатысуды тұрақты негізде қамтамасыз етуге бағытталған ұзақ мерзімді шешімдерді іске асыру бойынша бірлескен жұмысты жүзеге асыруы маңызды.
Ғылыми семинар барысында шақырылған спикер Әсел Ерікқызы келесі мәселелерді қарастырды:
* Қазақстан Республикасында төрелік туралы заңнаманың қалыптасуы және дамуы;
* Төреліктің түрлері;
* Қазақстанның Төрелік палатасы;
* Төрелік туралы заңнаманы жетілдіру.
Әсел Ерікқызы Қазақстан Республикасының төрелік туралы заңнамасындағы соңғы өзгерістерді және оны одан әрі жетілдіру жолдарын атап өтті. 
Доцент Қалдарбек Қуандықов осындай кездесулердің студенттер үшін маңыздылығын атап өтті, өйткені олар теориялық білімді практикалық тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.
Ғылыми семинар барысында студенттер талқыланып жатқан тақырыпқа қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойды. Қатысушылар құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды қалыптастыру процесінде Қазақстанда төрелікті дамытудың маңыздылығын атап өтті.