Топырақты зерттеу ғылыми экспедициясы

20 қазан, 2024

Топырақ – әр мемле­кет­тің стратегиялық ресурстарының бірі. Оның құнарлылығынан сол елдің экономи­ка­лық-әлеуметтік жағ­дайы көрінеді. Алайда соңғы жылдары топы­рақ ластануы барлық өңірде орын алуда. Бұл, әсіресе, Батыс Қазақ­стан­да ерекше байқа­ла­ды. Өйткені бұл жақ­та ғасырдан аса уақыт бойы мұнай өндіріледі.

Аймақ қазіргі уақытта Қа­зақ­­станның экологиялық тұ­рақ­­сызданған аумақтарының бі­ріне айналды. Мұнда антро­по­гендік бұзылған, шөлденуге ұшыраған топырақтар кең та­ралған. Топырақтың қауіпті хи­миялық элементтермен лас­та­ну деңгейі кез келген аймақтың экологиялық және азық-түлік қауіп­сіздігінің негізгі көр­сет­кіші болып табылады. Осыған бай­ла­нысты топырақтағы қа­уіпті хи­миялық элементтердің кон­цен­трациясын бақылау көп­теген топырақ-экологиялық зерт­теулердің негізі деуге бо­ла­ды.

«Жасыл даму контексінде Ба­тыс Қазақстан өңірінің таби­ғи-шаруашылық және әлеумет­тік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді тал­дау, тұжырымдама, болжам­дық бағалау және сцена­рий­лер» атты мегагрант аясында календарлық жоспар бойынша ғылыми топ Батыс Қазақ­стан­ның төрт облысына (Ақтөбе, Ақ­тау, Маңғыстау, Орал) экспе­ди­цияға шықты. Экспедиция бір ай бойы жалғасты. Біз зерт­телетін өңірдің экологиялық ахуалын ескере отырып құ­рыл­ған маршрут бойынша жүрдік. Ақтөбе облысы бойынша Хром­­тау қаласының өнеркәсібі негізінен хромит рудаларын игеру тау-кен өнеркәсібінен тұрады. Хром рудалары қала және қала маңында ашық және шахта әдістерімен игерілуде. Сондықтан кішігірім қала ай­ма­ғында антропогендік ланд­шафт­тардың шоғырланған жер­­­лерінде қарақоңыр топы­рақ­қа топырақ кескіні қазылды және топырақтың генетикалық қабаттары бойынша морфо­ло­гиялық сипаттама жасалды. 10% HCl ерітіндісімен кар­бо­нат­тылық тексерілді. Далалық әдіс арқылы механикалық гра­ну­лометриялық құрамы анық­тал­ды. Токсинді, химиялық зат­­тар­ды анықтау үшін конверт әдісі бойынша жел раушаны негізінде әртүрлі қашықтықта топырақ үлгілері алынды. Ақ­төбе қаласы бойынша ферро­қо­рытпалар за­уы­­тының өндіріс алаңында то­пырақ кескіні қа­зы­лып, конверт әдісі бойынша сына­малар алын­ды. Кеңқияқ елді мекенінде кон­верт әдісі бойынша топырақ сы­намалары жасалды.

Маңғыстау облысы бойын­ша Бейнеу ауданының әкімімен кездесіп, топырақ жамыл­ғы­сының экологиялық жағдайы ту­ралы мәселе талқыланды. Тұ­рыш, Сыңғырлау елді мекен­де­рінің шөлдің құба топыра­ғынан және құм, сортаңданған жерден топырақтың физика-химиялық қасиетін зерттеу үшін топырақ кескіні қазылып, мор­фологиялық сипаттама жа­салынды, топырақтың ты­ғыз­дығын анықтау үшін бюкстерге сынамалар алынды. Жетібай кен орны, Қызылсай, Ақтау қа­ла­сындағы күкіртқышқыл өн­діретін зауыттың өндіріс алаңы­­нан конверт әдісі бойынша жел раушаны негізінде ластағыш заттардың таралу қашықтығы бойынша топырақ сынамалары алынды. Ақтауда облыс әкі­мі­нің орынбасары З.Есбергенова және табиғи ресурстарды бас­қару бөлімінің басшысы, эко­ло­гиялық департамент дирек­то­рымен бірге конференция ұйымдастырылып, облыстың топырақ жамылғысының қа­зір­гі заманғы экологиялық жағ­дай­ы талқыланды.

Атырау облысы бойынша өнеркәсіптік қызмет нысанда­рынан топырақтан үлгі алу әдісі бойынша үлгі алатын жерлер таң­далды. Өнеркәсіптік қыз­мет нысандарынан то­пы­рақ­тан үлгі алу үшін жұптасқан то­­­пы­рақ кескінін қаздық. То­пы­рақ­тың физика-химия­лық, мор­фо­ло­гиялық, ме­­ха­ника­лық-грануло­ме­трия­лық қа­сие­тін және ауыр метал­дар­дың мөл­шерін анық­тау үшін әр ге­не­тикалық қа­бат­тан үлгі алын­ды. Атырау мұнай-өңдеу зауы­ты­ның экологиялық бө­лі­міне барып, зауыттың ты­ныс-тір­ші­лігімен таныстық. Са­ни­­тар­лық қорғау аймағынан әр бағытта лас­тағыш заттарды анық­тау үшін топырақ сына­ма­ла­рын алдық.

БҚО бойынша Қарашығанақ мұнайгазконденсаты кен ор­ны­ның санитарлық қорғау ай­ма­ғынан конверт әдісі бойын­ша топырақ сынамалары, тың жерден топырақ кескіні қа­зы­лып, әр генетикалық қабаттың топырақ үлгілері, Қарашығанақ ауылынан топырақ үлгісі алын­ды. Орал ЖЭС аймағынан және орталық саябақ алаңынан лас­та­ғыш заттарды анықтау үшін сы­намаға қол жеткіздік. Ранц­ты зертхана арқылы топырақ құрамындағы хлоридтердің мөл­­­­шері анықталды. Алынған топырақ үлгілері ластағыш зат­тардың мөлшерін және физи­ка-химиялық, механикалық-гра­ну­­лометриялық қасиетін анық­­­­тау үшін зертханаға жібе­ріл­ді.

Ғылыми топ құрамында кар­­тограф, геодезист ма­ман­дар С.Жұматаев, Қ.Қырғызбай не­гіз­гі және тасымалданатын өл­шеу құралдарынан тұратын: DRTK стансаларының базасы бар Multispektral Mavic 3 ква­дро­коптері; геодезиялық GNSS қабылдағыш Spectra Precision 85 пайдалана отырып, эко­жүйе­лердің жай-күйін визуа­ли­зациялау және талдау үшін ГАЖ қолдану барысында эко­жүйе­­лердің цифрлық карта­ла­ры мен модельдерін құру ба­ғы­тында жұмыс істеді. Экс­педи­ция ба­ры­сында ғы­лыми топ көптеген мәліметтер мен сынамалар алып келді. Ол серти­фикат­тал­ған зертханаларға тапсы­ры­лып, қазір ғылыми жұмыс жал­ғасуда.

Тұрсынкүл БАЗАРБАЕВА,

 бағдарлама жетекшісі

Гүлжанат МҰҚАНОВА,

ғылыми қызметкер

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы