Ұлттық байлық: адами капиталды дамытуFarabi University

Ұлттық байлық: адами капиталды дамыту

9 қараша, 2024

«Экономика» кафедрасында 05.11.2024 жылы Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 4 – Сапалы білім беру, ТДМ 17: «Тұрақты дамудағы жаһандық әріптестік») мақсаттарына сай «Ұлттық экономика» оқыту пәні шегінде бинарлық қонақ дәріс сабағы өткізілді. «6В04103 – Экономика» мамандығының 4-курс студенттеріне  Қазақстан Республикасындағы «Freedom Holding Corporation» халықаралық қаржылық топ бірлестігінің Бизнес-аналитик маманы, Саясаттану магистрі Кикимов Санжармен қонақ дәріс өткізілді. Кездесу барысында «Ұлттық байлық: адами капиталды дамыту» тақырыбында дәріс өткізілді.

Дәріс барысында Кикимов Санжар Сатжанұлы Қазақстан еңбек нарығындағы адами капиталдың әлеуетіне, еңбек нарығындағы мамандар біліктілігіне баса назар аудара отырып және елдегі кәсіби мамандар жетіспеушілігімен байланысты проблемаларды қозғады. Бизнес-аналитик Кикимов Санжар осындай көкейкесті мәселенің ұлттық экономика дамуындағы рөлін аша отырып, жаңа технологиялар мен адами ресурстарды басқару тәсілдерімен бөлісті және де кәсіби маман үшін қажетті ойларымен бөлісті.

Дәріс студенттер арасында жақсы қызығушылық тудырды, олар еңбек нарығындағы күрделі мәселелердің қырларын терең түсіне алдғандары үшін қонаққа алғыс білдірді.

Ұйымдастырушы: Phd, аға оқытушы Иляшова Г.К. және э.ғ.к.,  аға оқытушы Ережепова А.А.