Студенттер экожүйені қорғайды

14 қараша, 2024

«Табиғи-техно­ген­дік қауіп-қатерлер» мамандығының 2-3 курс студенттері арасында «Батыс Қазақстандағы су тасқынының себебі мен салдары» тақы­ры­бында ашық кураторлық сағат өтті. Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 15-ші (Құрлық экожүйелерін қорғау) және 13-ші (Климат өзгеруімен күрес) тармақтарына сәйкес ұйымдастырылды. 

 

Тақырыпқа сәйкес, аталған аймақта зерттеу жұмыстарын жүр­гізуге атсалысқан Метео­ро­логия және гидрология ка­фе­драсының аға оқытушысы Алмат Нұрбақұлы арнайы ша­қы­рылды. Ол өзінің баян­да­масында Батыс Қазақстанда су тасқынының негізгі се­беп­те­рін, оның салдарын және шешу жолдарын қарастыру эко­жүйені қорғауға және кли­мат өзгерісімен күреске ба­ғыт­талған маңызды шаралардың бірі деп атап өтті. Сонымен қа­тар аталған аймақта жүр­гі­зіл­ген жазғы зерттеу жұ­мыс­та­ры­мен таныстырып, көптеген ви­де­отаспаларды студенттер назарына ұсынды.

Су тасқынының алдын алу және салдарын азайту үшін бір­неше шараны қолға алу қа­жет. Ең алдымен, табиғи эко­жүйелерді қорғау, атап айт­қан­да орманды қалпына келтіру жә­не өзен арналарын табиғи қалпында сақтау маңызды рөл атқарады. Бұл топырақтың су сі­ңіру қабілетін арттырып, су тас­қыны қаупін төмендетеді. Сонымен қатар гидро­тех­ни­ка­лық құрылыстарды (дамбалар мен бөгеттер) салу және жаң­ғыр­ту арқылы су тасқынын ба­қылау мүмкіндігі артады.

Климат өзгерісімен күрес ая­сында атмосфераға пар­ник­тік газдардың шығарылуын азай­ту және энергияның жа­ңар­тылатын көздерін пай­да­лану да су тасқыны мәселесін ше­шуге көмек береді. Сондай-ақ халықты ақпараттандыру және төтенше жағдайларға да­йындық шараларын ұйым­дас­ты­ру арқылы су тасқынының сал­дарымен күресуге болады.

Батыс Қазақстандағы су тас­қынының себептері көп және оларды шешу кешенді тә­сілді талап етеді. Экожүйелерді қорғау, климат өзгерісімен кү­ре­су және дұрыс жоспарлау арқылы біз су тасқынының те­ріс әсерін азайтып, өңірдің тұ­рақ­ты дамуына қол жеткізе аламыз.

Студенттер елімізде кез­де­се­тін түрлі табиғи және тех­но­ген­дік қауіптерді болжау, ал­дын алу және се­беп-салдарымен күресу саласының болашақ ма­ман­да­рына қажетті көптеген мағ­лұматтар алды.

Ақерке ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

«Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер» мамандығының 2-курс студенті