Таным көкжиегін кеңейткен фотокөрме

14 қараша, 2024

Алматы қаласындағы Almaty gallery өнер ке­ше­нінде өткен National Geographic жур­на­лы­ның фотокөрмесін Философия кафедрасының 4-курс студенттерімен бірге тамашалап қайт­тық. 
Қоғам санасын ғылыми зерттеулермен байы­тып келе жат­қан әлемдік журналдан алатын та­ғы­лым мол. Жур­нал­ға шығатын әрбір фото­су­реттің артында асқан ғы­лы­ми ізденіс жатыр. Бұл ғылым мен деректі фотоның үйле­сі­мі.

Таным кеңістігін ке­ңей­­тетін жур­налдың тұм­са табиғатқа ар­нал­ған көр­месі студенттерді қы­зық­тырып, толғандырған сұрақ­та­рына жауап алды. Өз кезегімде әрбір сту­дент­тің сұрағына жауап беріп, фотографияның та­­нымдық фукнциясы ту­ралы баяндадым.

Фотография – өнердің бір ғана саласы емес, ол деректердің үл­кен бір әлемін жасаушы ғылым. Ал дерек – ақпарат. Ақ­па­раттың шы­найы, сапалы, мән­ді образдармен жетуі асқан кәсібилікті талап ете­ді. Көрмеге қойылған жануар­лар әлемінің 70 фо­тосуреті осыны айғақ­тай­ды.

Әлемдік бірегей туын­ды­­лар­дың артында ав­тор­лардың қан­ша­ма маң­дай тері, ғылыми ізденісі жатыр. Студенттер көр­ме­нің осы ерекшелігіне аса мән берді. Бұл олар­дың фотографиямен қа­тар, табиғатты танып, оны құрметтеуге ша­қы­ра­тын экософиялық, фи­ло­со­фия­лық таным­да­рын да қатар шыңдағаны сөз­сіз.

Көрмеде National Geographic журналының бет­те­рінен таңдап алынған хайуанаттар әлемінің ең үздік суреттері ұсы­ныл­ған. Та­би­ғат суреттерінің майталман ре­дак­торы Кэти Моранның жетек­ші­лігімен әзірленген бұл көр­ме Na­tional Geograp­hic-тің Майкл «Ник» Ни­колс, Стив Уинтер, Пол Никлен, Беверли Жубер, Дэвид Дубиле және басқа да ең танымал фото­граф­тардың түсірген сурет­те­рі­нен құралған тұмса та­биғатқа деген айрықша көзқарас іспетті.

Көрменің бастапқы бө­­лімі жа­байы жануарлар тіршілігін суретке түсіру қалай басталғанын көр­се­тіп, фотографтар бо­ла­шаққа қа­лай жол сал­ға­нын паш етеді. Көр­менің өзіндік ерекшелігі – он­дағы әрбір сурет жануар­дың табиғи ортасында түсірілген. Фото түсіру ба­рысында жануарды қа­мауда ұстау немесе әдейі­­леп жемге ал­дан­ды­ру амалдары қолданыл­ма­ған.

«Философияда қо­ғам, медиа тақы­рып­та­рын жиі талқылаймыз. Қоғамдық санада адам­дардың тір­шілік орта­сы­на, ғаламша­ры­мыз­ға ық­палы жиі кө­те­ріледі. Сон­дықтан адам­­заттың жаратылыс сұлулығына тамсанып, оны қор­ғап, болашаққа ама­наттауы ма­ңыз­ды. Бұл табиғи ор­таның эко­жүйе­сін сақ­тайтын адами мо­раль­дық мәселелер. Ал көрме фо­тосуреттері бізге осы құн­­ды­лықтарды сақтауға, оларды ба­ға­лауға үн­дейді. Сондықтан тұмса табиғатымызды түсіне білейік», – дейді Фило­со­фия кафе­дра­сы­ның 4-курс студенті Айым Ба­хыбек.

Айта кетейік, әлемдік National Geographic ұйы­мы саясаттан тыс дү­ние­лерді, соның ішінде адам­­зат өркениетінің өзекті мәсе­ле­сінен бас­тап, көне тарихына де­йін бар­лай­тын, тұмса та­­би­ғат, гео­гра­фия, ар­хео­ло­гия, тарих, био­ло­гия, ас­трономия және т.б. көп­теген ғылым са­ла­сын кеңінен қамтиды.

Досжан

БАЛАБЕКҰЛЫ,

Философия кафедрасының

аға оқытушысы, PhD