GreenTech Horizons жобасы бойынша семинар өтуде

28 қараша, 2024

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Шығыс серіктес, Орталық Азия және Қиыр Шығыс елдерінде білім беру және инновациялар арқылы жасыл және цифрлық технологияларға көшуге жәрдемдесуге бағытталған GreenTech Horizons (Жасыл технологиялар көкжиегі) жобасы бойынша екі күндік  семинар басталды.

Шараға қатысушыларды құттықтай отырып, Басқарма төрағасының орынбасары-Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректорының м.а. Еркін Дүйсенов Erasmus+ бағдарламасы білім беру мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттырудың маңызды стратегиялық құралы екенін атап өтті. «Соңғы жылдары ҚазҰУ осы бағдарламаға белсенді қатысуда, нәтижесінде Erasmus+ International Credit Mobility (ICM) бойынша  86 шарт жасалды. Бұл келісімдер біздің студенттер мен оқытушыларға әлемнің жетекші университеттерімен және ғылыми орталықтарымен тәжірибе, білім және мәдениет алмасу үшін бірегей мүмкіндіктер береді», – деді проректор өз сөзінде. Университет үшін Erasmus+ Capacity Building бағдарламасы аясындағы 13 жоба ерекше маңызға ие, олардың екеуі грандхолдер ретінде іске асырылды. Бұл жобалар академиялық байланыстарды нығайтып, білім беру және ғылыми инфрақұрылымды дамыту бойынша маңызды рөл атқарады.

Шарада жоба үйлестірушісі, профессор Даниэла Цирич Лалич, UNS, Қазақстандағы Erasmus+ Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Палуанова және т.б. құттықтау сөз сөйледі.

Кездесудің ресми ашылуынан кейін профессор Даниэла Цирич Лалич баяндамасын ұсынып, онда ол қос жасыл және цифрлық ауысулардың маңыздылығы, Еуропа мен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастық туралы егжей-тегжейлі айтып берді. «Жобаның негізгі мақсаты – тұрақты экономикалық өсуге, жұмыс орындарын құруға және заманауи жұмыс күшінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге ықпал ететін құзыреттерді әзірлеу және енгізу», – деді Даниэла Цирич Лалич.   Жоба шеңберінде Әзірбайжан, Қазақстан және Моңғолияның сегіз университетінде оқу жоспарларын жаңғырту үшін пайдаланылатын құзыреттілікке бағдарланған оқу бағдарламасының моделі енгізілетін болады. Жобаның маңызды аспектісі курстар мен жаппай ашық онлайн курстарды қоса алғанда, eLearning экожүйесін құру болып табылады.

Әр серіктестің рөлі мен қосқан үлесі және басқару құрылымдарының құрылуы туралы профессорлар – Даниэла Граканин мен Милена Савкович, UNS баяндады. Спикерлер атап өткеніндей GreenTech Horizons жобасы Білім беру және салалық серіктестердің қатысуымен көп еларалық өңіраралық әріптестікті қамтиды. Жоба инновациялық технологияларды білім беру процестеріне интеграциялау үшін тұрақты платформа жасайды және мақсатты елдердегі жастар мен мамандардың біліктілігін арттыру және мүмкіндіктерін кеңейту арқылы әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпал етеді.

​​​​​​​

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі