Емтихан кезіндегі күйзелістен қалай құтылуға болады?Farabi University

Емтихан кезіндегі күйзелістен қалай құтылуға болады?

3 желтоқсан, 2024

Емтихан – студенттік өмірдің маңызды бөлігі саналады. Алайда ол айтарлықтай күйзеліс тудыруы мүмкін.

Емтиханға дайындық ба­ры­сында көптеген студенттер ма­засыздықты сезінеді, «аман өтем бе, жоқ па?» деп уайым­дай­ды. Мұндай жағдай білім алу­шылардың үлгерімі мен денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Сонымен емтихан тап­сы­рарда өзіңді қалай ұстау ке­рек? Неден сақтанған абзал? Біз бүгін бұл мақалада күй­зе­лісті жеңуге және емтихандарға тиім­дірек дайындалуға көмек бе­ретін түрлі әдістерді қарас­ты­рамыз.

Жоспарлау. Күйзеліс дең­ге­йін төмендетудің негізгі әдіс­терінің бірі – дұрыс жоспар құру. Емтиханға дайындықты алдын ала бастаңыз: а) «Кесте құру» – әр пәнді оқуға қанша уа­қыт кететінін анықтаңыз жә­не кесте жасаңыз. Оған қай­та­лау, содан кейін демалыс уа­қы­тын қосыңыз. б) «Ем­ти­ханның ма­те­риалдарын бөліктерге бө­лі­ңіз» – бір уақытта көп ақ­па­рат­ты оқу адамның санасына, ма­те­риалды толық қабыл­да­уы­на кері әсерін тигізуі мүмкін. Материалды кішігірім тақы­рып­тарға бөліп, оларды ке­зек­пен қайталасаңыз, санаңызға тез сақтап қаласыз. в) «Ал­ды­ңыз­ға мақсат қойыңыз» – қол жеткізуге болатын шағын мақ­са­тыңызды жазып қойыңыз. Бұл сізге жетістікті көруге және бірқалыпты дайындықты кү­шей­туге көмек береді.

Денсаулық. Денсаулығыңыз пси­хикалық күйіңізге тікелей әсер етеді. Сондықтан төмен­де­гі ақыл-кеңеске назар ауда­ры­ңыз: а) «Дұрыс тамақтану» – дұрыс әрі пайдалы ас мәзірін құруға тырысыңыз. Көкөністі, жеміс-жидек пен дәнді да­қыл­дарды көбірек тұтынған жөн. Көңіл күйдің күрт өзгеруіне алып келетін тым көп кофеин, газдалған сусындардан және тәттіден аулақ болған абзал. б) «Ұйқы» – дұрыс ұйқының бол­мауы адамның денсаулығын бұзып, есте сақтау қабілетін нашарлатуы ықтимал. Түнде кем дегенде 7-8 сағат ұйық­тау­ға тырысыңыз, әсіресе ем­ти­хан алдында. в) «Белсенділік» – тұрақты жаттығу жасау күй­зелістің деңгейін төмен­де­туге және әл-ауқатты жақсартуға жәрдемдеседі. Бұл йога, жү­гі­ру, таза ауада серуендеу не­месе кез келген басқа спорт­тық жаттығулардың бір түрі бо­луы мүмкін.

Қолдау көрсету. Отбасыңыз бен достарыңыздың қолдауы туралы ұмытпаңыз: а) «Сіз неден қобалжып отырсыз, соны талқылаңыз» – доста­ры­ңыз­ға неден қобал­жи­ты­ныңызды айтып, ойыңызды то­лық жеткізуге тырысыңыз. Дос­тарыңызбен сырласу ар­қылы күйзелісті басуға болады. б) «Бірге оқу» – топтық са­бақ­тарды ұйымдастырыңыз. Бір топта оқитын студенттермен ма­териалды талқылау қиын та­қырыптарды жақсырақ тү­сі­нуге әрі оқу процесін жеңіл­детуге оң ықпалын тигізеді.

Уақытты басқару әдістері. Уа­қытты тиімді басқару күй­зе­ліс деңгейін төмендетуге оң ық­пал етеді: «Таймер» – тай­мер­ді алып, белгілі бір уақытқа қойыңыз. Бұл тапсырмаға кө­ңіл бөлуге, сондай-ақ кейінге қал­ған тапсырманы орын­дау­дан аулақ болуға көмектеседі.

Емтихан тапсыру сту­дент­терді күйзеліске әкелуі мүмкін. Алайда дұрыс әрекет арқылы мазасыздық деңгейін ай­тар­лықтай төмендетуге болады. Есіңізде болсын, денсау­лы­ғы­ңызды күту, жоспарлау, дос­та­рыңыздың қолдауы сәтті да­йын­дыққа әкелуі мүмкін. Ем­­тихан адамның басынан өте­тін маңызды кезең, сон­дықтан оған сеніммен қарау қажет.

Рақым ЫНТЫҚБАЕВ,

журналистика факультетінің 3-курс студенті