Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ашық есік күні өттіFarabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ашық есік күні өтті

5 желтоқсан, 2024

2024 жылы 21 қарашада Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы Еуразиялық инновациялық орталықпен бірлесіп, Тараз қаласы «Шабыт» мектеп-лицейінің басшылығы мен оқушыларына университет кампусы бойынша экскурсия өткізді. Іс-шара Ашық есік күні аясында өтті және оқушылардың кәсіби бағдарлануына, сондай-ақ жастар арасында жоғары білім беруді насихаттауға бағытталды.

Экскурсияны халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Гулзада Абдусағатқызы және  Еуразиялық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы директоры Нурболат Қайратұлы басқарды. Іс-шара барысында қонақтар университет инфрақұрылымының негізгі нысандары әл-Фараби мұражайы, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы және әл-Фараби кітапханасымен танысты.

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшылары оқушыларға арнап интерактивті сессия өткізді, онда оқыту мүмкіндіктері, мансаптық перспективалары туралы ақпарат берілді, сондай-ақ қабылдау комиссиясының жұмысы мен оқуға қабылдау ережелері туралы түсіндірілді. Оқушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауап берілді.

Ашық есік күні аясында университетте белсенді дамып келе жатқан оқытудың инновациялық әдістері мен халықаралық алмасу бағдарламаларына ерекше назар аударылды.

Бұл іс-шара білім беру мекемелері мен жастар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудағы маңызды қадам болды, сондай-ақ университеттің халықаралық деңгейдегі мамандарды даярлаудың жетекші орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін атап өтті.