Жаһандық әріптестік - тұрақты даму құралы

5 желтоқсан, 2024

 

Қазіргі әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қоғамдағы саяси, экономикалық және әлеуметтік сипаттағы проблеманы тиімді шешу білім беру саласындағы мемлекеттік саясат сенімді ғылыми негізде қойылған жағдайда ғана мүмкін болады. Тұрақты дамудың 17-ші, Жаһандық әріптестік шеңберінде жұмысты жандандыру мақсатында жасалып жатқан іргелі іс-шаралардың бірі, 2018 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауы. Конкурстың мақсаты Қазақстанның виртуалды білім беру кеңістігінде авторлық бейнересурстар банкін толықтыру, заманауи педагогикалық тәжірибе мен педагогтардың өзара іс-қимылының үздік тәжірибелерін жинақтау және танымал ету. Биылғы байқауға республика бойынша 170 жұмыс келіп түсті. Аталмыш байқауға келіп түскен ресурстарды сараптамадан өткізу және іріктеп алу үшін еліміздің барлық облыстарынан жоғары білікті мамандар тартылды. Байқау соңында сарапшылардың жұмыстарына баға беріліп, белсене ат салысқан білікті педагогтарға құрмет грамоталары тапсырылды. Осындай марапатқа ие болған Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор, Каупенбаева Самал Мухаметалиевна.