Халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма мамандығының 3-курс студенттеріне арналған дөңгелек үстелFarabi University

Халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма мамандығының 3-курс студенттеріне арналған дөңгелек үстел

7 желтоқсан, 2024

2024 жылдың 8 қарашасында 322 аудиториясында 3-курс студенттеріне « Future of Leadership in Kazakhstan» тақырыбына арналған кураторлық іс-шара өтті. Студенттер үш топқа бөлініп, келесі мәселелер талқыланды: бірінші топ болашақта Қазақстанның үкіметінде ерлердің көшбасшы рөлін атқаруы керек деген сұрақты қарастырды; екінші топ осы мәселені әйел көшбасшылар тұрғысынан талқылады; үшінші топ жасанды интеллект болашақта тиімді басқару нысаны бола алады деген тақырыпты көтерді.

Іс-шараны аға оқытушылар Алипбаева А.А. мен Бекова Ж.К. ұйымдастырып, осы маңызды мәселе бойынша әртүрлі көзқарастарды талқылауға көмектесті.