«Тұрақты даму мақсаттары үшін серіктестік» мақсаттарына сәйкес «Сапалы білім берудегі қазіргі технологиялардың  рөлі» тақырыбында студенттермен дөңгелек үстелөткізілді

4 желтоқсан, 2024

2024 жылдың 4-ші желтоқсан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған «Тұрақты даму мақсаттары үшін серіктестік» мақсаттарына сәйкес «Сапалы білім берудегі қазіргі технологиялардың  рөлі» тақырыбында студенттермен дөңгелек үстелөткізілді. Мұндай маңызды іс-шараны Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының п.ғ.к., доценті Б.И. Иманбекова, п.ғ.д. 
А.Б. Мукашева, п.ғ.к., доценті Э.Т. Баярыстанованың жетекшілігімен Дінтану және Мәдениеттану кафедрасының «Исламтану», «Дінтану» ББ 1 курс докторанттарымен ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел Ауезов ауданы комьюнити-орталығында өткізілді. 
Іс-шараға ҚазҰУ-нің «Әлеуметтік педагогика», «Дінтану» мен «Исламтану»мамандығының 1 және 2 курс магистранттары мен аталған мекеме резиденттері белсене қатысты.

Іс-шара қатысушыларына тағайындалған тақырып аясында құттықтау сөзімен Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының 
п.ғ.д. А.Б. Мукашева, жастар комьюнити-орталығының басшысы Маханбет Бауыржан сөз сөйледі. 

Жастар комьюнити-орталығының басшысы Бауыржан Сәбитұлы, білім беру жүйесінің сапасын арттыру жолында жасалып жатқан жұмыстар мен әртүрлі зерттеулердің қажеттілігін атап өтті. Ол алған білімдердің практикалық маңыздылығын және жастардың өз білімдерін нақты өмірде қолданудағы рөлін маңызды фактор ретінде көрсетті. Сондай-ақ, Бауыржан кәсіби дамуды жалғастыру үшін білім мен тәжірибенің үйлесімділігіне ерекше мән берілетінін айтты.

Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының п.ғ.д. 
А.Б. Мукашева өз сөзінде, іс-шараның негізгі мақсаттары мен міндеттерін таныстырып, тақырыптың жастардың кәсіби және тұлғалық дамуына қосар үлесін атап өтті. Ол сапалы білім беру мәселелерін кеңінен талқылап, білім алу мен практика арасындағы байланыстың маңыздылығын ерекше айтты. Сонымен қатар, Анар Бекетбайқызы білім саласындағы қазіргі зерттеулердің қажеттілігін түсіндіріп, олардың оқу жүйесіне интеграциялануының тиімділігіне тоқталды.

Бұл іс-шара қатысушыларға өз білімдерін жетілдіру мен кәсіби дағдыларын арттыруға үлкен мүмкіндік берді. Сондай-ақ, сабақты ұйымдастырушылар мен сарапшылар білім беру саласындағы ең өзекті мәселелер мен зерттеу бағыттарын талқылап, әртүрлі білім беру жобаларының тиімділігін бағалау мәселелеріне тоқталды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша, қатысушылар алған білімдерін практикада қолданудың маңыздылығына назар аударып, сапалы білімнің тұрақты даму мақсаттарына жетудегі рөліне қатысты өз пікірлерін білдірді.