«Ислам парагдимасындағы дін психологиясы» атты халықаралық семинар

29 қараша күні әл-Фараби ғылыми кітапханасында «Ислам парагдимасындағы дін психологиясы» атты халықаралық семинар өткізілді. Семинарда Мәскеу мемлекеттік психологиялық-педагогикалық университетінің профессоры, тәжірибелі психолог Олга Павлова қазіргі интернет-кеңістіктегі психология, мәдени контекстідегі психологиялық кеңес беру мәселелері жөнінде, ал Ресейдегі Мұсылмандарға психологиялық көмек көрсету қауымдастығы басқармасы төрағасының орынбасары м.а., қауымдастықтың Башқұртстандағы өңірлік өкілдігінің жетекшісі Филюс Яхин ислам білімінің заманауи психологиялық кеңес беру және психотерапияға интеграциясы хақында ойларын ортаға салды. Семинарға қатысушы ғалымдар, докторанттар, магистранттар мен студенттер тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, пікірлерін айтты.
Басқа жаңалықтар

