Театрға баруды дәстүрге айналдырайықFarabi University

Театрға баруды дәстүрге айналдырайық

19 желтоқсан, 2024

Ғабит Мүсірепов атын­дағы жасөспірімдер мен жастар театрының жаңа маусымында механика-математика факультеті алғашқы­лар­дың бірі болып театрға барып қайтты. 

Факультеттің аға кураторы Болат Әбенов бастаған 200-ге жуық студент көрермен болды. Соның ішінде Механика ка­фе­драсының аға кураторы Орал­хан Байсбаева, 1-курс және 4-курс топ кураторлары сту­дент­термен бірге қойылымды тамашалап қайтты. Театрда қазіргі трендтегі Қазақстанның үздік театрларында сах­на­ла­нып жатқан Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» шы­ғар­масы бойынша қойылған спек­такльдің премьерасын тамашалады.

Ақберен Елгезектің «Бол­маған балалық шақ» повесін теа­тр актерлары кәсіби ше­бер­лікпен тамаша сомдап шықты. Ол студенттердің қойылым аяқ­талғандағы пікірлері мен көңіл күйлерінен айқын бай­қал­ды. Студенттердің басым көпшілігі театр табалдырығын алғаш аттаған 1-курс сту­дент­тері болды.

Қойылымнан қандай әсер алып, ой түйгендігін білу мақ­сатында студенттер арасында сауалнама жүргіздік. Сауал­на­ма нәтижесінен студенттердің басым көпшілігі қазақ әдебиеті туындыларын, яғни көркем шы­­ғармаларды сахналайтын теа­­трға сирек және алғаш бар­ғанын көруге болады.

Көркем шығармаларды, оның ішінде ұлттық әдеби ту­ын­­дыларды студенттер құн­ды­лық ретінде бағалап, оқығанды ұнататынын мына диаг­рам­ма­дан байқауға болады.

«Спектакльден қандай әсер (тәлім-тәрбие, ақыл-кеңес, үл­гі-өнеге) алдыңыз?» деген сұ­раққа былай жауап берген: «Қойы­лымның тәрбиелік мәні зор». «Ата-ананың балаға де­ген махаббатының, тәрбиесі мен қамқорлығының мәнін, құн­­ды­лығын ұғындым», «Ата-ана­сы­нан айырылған баланың сын­бай, қиындықтарға төтеп беріп, мақсатына жете білуге бола­ты­нын түсіндім». «Ата-ана­сы бар балалар бақытты еке­нін, ата-ананы қалай құрметтеу ке­рек екеніне көз жеткіздім». Со­ны­мен бірге «Жетім баланы жы­лат­пай, ба­рын­ша қамқор бо­лып, оларға қол ұшын беру ке­рек» деген жа­уаптар да жа­зылды.

Жалпы, студенттер отба­сы­лық құндылықтарды баға­лай білу қажеттігін түсінді деп ой­­лаймын. Енді ғана уни­вер­ситет та­балдырығын аттап, үлкен өмірге аяқ басқан сәт­терінде тәр­биелік маңызы зор қойы­лым­дарға жиі барғаны абзал.

Театр – мәдениет ордасы. Ота­нымызды сүйетін, ұлттық құндылықтарымызды бағалай білетін ұрпақ тәрбиелеу – біздің міндетіміз. Жараты­лыс­та­ну ғылымдары бағыты бо­йынша дайындап жатқан сту­денттеріміздің мәдени-та­рихи құндылықтарымызды дә­ріп­тейтін қазақ әдеби туын­ды­ла­рын ұнатып, бағалайтыны қуан­татын жағдай. Сондықтан театрға баруды дәстүрге ай­налдыру керек.

Әсел ИСМАИЛОВА,

Механика кафедрасының аға оқытушысы