Әдеби мұраның тұрақты дамуға қосқан үлесіFarabi University

Әдеби мұраның тұрақты дамуға қосқан үлесі

19 желтоқсан, 2024

Биотехнология кафедрасында «Биотехнология» ББ 4-курс студенттерінің ұйымдастыруымен Тұрақты даму мақ­сат­тарына (ТДМ 4,11) қол жеткізу бағдар­ла­масы аясында «Сәкен Сейфуллин: әдеби мұра және оның тұрақты дамуға қосқан үлесі» тақы­ры­бында пікірталас алаңы өткізілді.

Іс-шара мақсаты – сту­денттерді Сәкен Сей­фул­лин­нің өмірбаяны және оның шығармашылығымен таныстыру, қазақ әдебиеті мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесін талқылау, со­нымен қатар ақын-жазушы­ның шығармашылығын са­па­лы білім беру (ТДМ 4) және мәдени мұра (ТДМ 11) контексінде байланыстыру.

Іс-шара барысында бір­қатар студенттер (Ж.Мұтай, А.Қа­былбек, А.Мұстафа, А.Әділ­хан, А.Баймұхан) Сә­кен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы, ақын-жа­зушы ретіндегі рөлі және қо­ғам қайраткері туралы қызықты презентация мен баяндамалар жасады. Сон­дай-ақ оның өмірінің негізгі кезеңдерінің ішінде ұлттық қозғалыс пен әдеби мұраға қосқан үлесі жан-жақты тал­данды. Р.Қалыбек әдеби мұ­­раның мәдени біре­гей­лілігін қалыптастырудағы маңыздылығын аша оты­рып, «Сейфуллиннің шығар­ма­шылығы – бұл тек қағаз­да­ғы сөз емес, бұл біздің халқымыздың жаны» деп атап өтті.

Шараның келесі бө­лі­мін­де студенттер «Тар жол, тай­ғақ кешу», «Асау тұлпар» сынды түйінді шы­ғар­ма­ларын белсенді тал­қы­лап, олардың заман ру­хын қа­лай бейнелейтіні және за­манауи контексте қан­ша­лықты өзек­ті екені ту­ралы өз ой­ларымен бөлісті. А.Та­липова әде­биет пен ТДМ бай­ла­ны­сын айқындай оты­рып, «Сә­кен Сейфуллин шы­ғар­малары мұрамызды ба­ғалай білуге және оны ке­­йінгі ұрпаққа жеткізуге, сөй­тіп, ұрпақтар сабақ­тас­тығын же­тіл­діруге баулиды», – деп тұжырымдады. Ш.Тас­тан Сә­­кен Сейфуллин шы­ғар­­ма­шылығының сапалы білім беру (ТДМ 4) және мә­дени мұраны сақтау (ТДМ 11) ба­ғыттары бойынша қол жет­кізуге қалай ықпал ете­тінін талдап, жастардың мә­де­ни болмысын қалып­тас­тыру және тәрбиелеу үшін әдеби мұраның маңыз­ды­лығын ше­берлікпен көрсете білді.

Шараның соңғы бө­лі­мінде студенттер мәдени мұраның және қоғамның тұрақты дамуы үшін қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеу маңызын мойындай отырып, алдағы уақытта осындай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылуына қызы­ғу­шылық танытатыны тура­лы өз ойымен бөлісті әрі жал­ғастыруға ниет білдірді.

Салтанат АСРАНДИНА,

Биотехнология кафедрасының профессоры