Профессор Г.Е. Надированың қатысуымен дөңгелек үстелFarabi University

Профессор Г.Е. Надированың қатысуымен дөңгелек үстел

19 желтоқсан, 2024

2024 ж. 19 желтоқсан күні Шығыстану факультетінде филология ғылымдарының докторы, профессор Надирова Гүлнар Ермуратовнаның қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Бұл кездесу өз зерттеулерін жетілдіруге қызығушылық танытқан жас ғалымдар мен докторанттарды біріктірді.

Профессор Надирова Г.Е. ғылыми зерттеулер әдіснамасы бойынша тәжірибесімен бөлісіп, деректерді жинау және талдаудың заманауи тәсілдеріне тоқталды. Әсіресе зерттеу әдістерін дұрыс таңдау, тақырыптың өзектілігі және ғылыми жарияланымдарды дұрыс рәсімдеудің маңыздылығы талқыланды.

Қатысушылар өз жобалары бойынша сұрақтарын қойып, нәтижелерді интерпретациялау, аралас әдістерді қолдану және халықаралық журналдарда жариялану мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы оның практикалық құндылығын көрсетті. Қатысушылар алған ұсыныстардың өз зерттеулерінің сапасын арттыруға көмектесетінін атап өтті. Мұндай шаралар жас ғалымдарға тәжірибе алмасуға және жаңа жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

ЖҒК мүшесі Кайранбаев Н.С.