Профессор С.Т. Нұртазинді мемлекеттің жоғары марапатымен құттықтаймыз!Farabi University

Профессор С.Т. Нұртазинді мемлекеттің жоғары марапатымен құттықтаймыз!

30 желтоқсан, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты рәсім аясында биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы Сабыр Темірғалиұлы Нұртазин жоғары мемлекеттік награда — "Парасат"орденімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бұл марапат еліміздің ғылымын, зияткерлік және рухани әлеуетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін табысталды. Марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Еран Кариннің төрағалығымен өтті, ол марапатталғандардың ғылыми және қоғамдық қызметінің маңыздылығын атап өтті.

"Парасат" ордені Сабыр Темірғалиұлының ғылым мен білім саласындағы сіңірген еңбегін, сондай-ақ оның қоғам игілігі мен әлеуметтік мүдделерді қорғау жолындағы белсенді жұмысын мойындауды білдіреді.

Біз осындай көрнекті ғалымдардың біздің университетте жұмыс істейтінін мақтан тұтамыз және Сабыр Темірғалиұлына одан әрі табыс, зор денсаулық және жаңа жетістіктерге шабыт тілейміз!