Даму жолындағы жетістікFarabi University

Даму жолындағы жетістік

5 қаңтар, 2025

Университетіміздің қазіргі жетістіктеріне 2015 жылы ашылған медицина және ден­саулық сақтау факуль­те­тінің оқыту­шы-про­фессор­лық құрамы да өзіндік үлесін қосты.

Бүгінгі таңда медицина және денсаулық сақтау фа­куль­те­тін­де әлемнің 41 елі­нен 4000-нан астам студент оқи­ды. Ғылым, бі­лім беру, ме­ди­ци­­на­лық прак­ти­ка мен ин­нова­ция­ның орта­лы­ғы ре­­тін­де фа­куль­тет бе­дел­ді шетелдік уни­вер­ситет­тер­мен тығыз қа­рым-қатынас орна­тып, та­ны­мал ғалым­дар­ды ар­найы дәріс оқуға шақырып, тәжірибе ал­ма­суда. Атап айт­қанда сегіз шет­елдік ша­қыр­тылған про­фес­сор дәріс оқиды және бір­лескен ғы­лы­ми жоба­лар­ды орындайды.

Биыл дәрілік қалыптар тех­но­логиясы бойынша пре­па­рат­тар жасауға эндаумент қо­ры­нан 300 мың теңге және хи­­­миялық реагенттер сатып алу­ға 200 мың теңгеге қо­сым­ша заттар алынды.

Факультеттегі «Оқу дә­рі­ханасы» болашақ фар­ма­цев­тер­ді даярлаудағы маңызды тіз­бек. Бұл кабинет сту­дент­тер­ге дәріханалардың нақты жұ­мысына барынша жақын жағ­дайларда құнды дағды­лар­ды алуға мүмкіндік беретін прак­тикалық оқыту алаңы ре­тінде қызмет етеді. «Оқу дәрі­ха­насында» студенттер фар­ма­цевтикалық технология, фар­­мацияны ұйымдастыру және экономика, фар­мако­гно­зия және дәріхана ісінің не­гіздері сияқты пәндерді оқиды. Дәрілік заттарды сақтау, пре­параттарды есепке алу және фармацевтикалық құжат­тар­мен жұмыс істеу мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Медицина және денсаулық сақтау факультетінде ор­на­лас­қан химия-токсикология зерт­ха­насы – «Фармация» ма­ман­ды­ғы бойынша барлық дең­гей­дегі білім алатын сту­дент­тер үшін маңызды оқу ба­засы. Онда әрқилы талдау түрлерін жүргізу үшін қажетті ең заманауи зертханалық жаб­дық­тар және құралдар орна­тыл­ған. Зертхана 15-20 сту­дентке арналған. Бұл әр сту­­дентке назар аудара оты­рып, шағын топтарда сабақ өт­кізуге мүмкіндік береді. Фа­куль­тет базасында орналасқан клиникалық симуляциялық ор­талықты әрі қарай толық жаб­дықтау жұмыстары жалғасуда.

ҚазҰУ-дың 90 жылдық ме­рей­тойы аясында бірқатар ке­лі­сімдерге қол жеткізілді. Атап айтқанда ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау фа­куль­тетінің базасында Шың­жаң екінші мемлекеттік ауру­ха­насымен бірлескен клиникалық симуляциялық орталық ашы­лады.

Меморандум аясында Шың­жаң екінші мемлекеттік ау­ру­ханасы қажетті қон­дыр­ғылар мен құрылғыларды ұсынады. Бұл орталық өз кезегінде оқы­ту­шылар мен студенттердің білімін жетілдіруге, білікті ма­ман­дар даярлауға ықпал етеді.

ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы, ҚазҰУ және Шэньчжэнь уни­вер­ситеті арасында ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім қарастырылып жатыр. Келісім аясында ҚазҰУ базасында үш ғылыми зерт­ха­на ашу жоспарланған. Келі­сім­нің мақсаты – тараптардың тиім­ді дамуы мен ғылыми қыз­меттің тиімділігін арттыруға, оны ҚР және ҚХР мемлекетінің, экономикасының және қо­ға­мы­ның сұранысына ие болуға ықпал ету үшін жемісті ын­ты­мақтастықты ұйымдастыру.

Қазіргі уақытта Шэньчжэнь университетімен бірлесіп док­то­рантура деңгейінде «Basic medical science» қосдип­лом­дық инновациялық бағдар­ла­ма­сы әзірленді. Бұл бағдар­ла­мада тек қазақстандық сту­дент­тер ғана емес, соны­мен қатар шетелдік студенттер де білім алады.

Биылғы тағы бір басты жа­ңалығымыз – 56 миллион тең­геге университет қаражатына қойылған 10 стоматологиялық қондырғы. Мұнан өзге, Сто­ма­тология кафедрасының про­фес­соры Мақсұт Темірбаев пен аға оқытушы Луиза Тө­леп­бергенова университетіміздің 90 жылдық мерейтойына орай, кафедраның оқу-әдістемелік базасын нығайту үшін екі сто­матологиялық қондырғы сыйға тартты.

2024 жылдың сәуір айында «Эрасмус» жобаларының нә­ти­жесінде профессор-оқыту­шы­лар құрамының, ғылыми кадр­лар­дың, бакалавриат, ма­гис­тратура және докто­рантура студенттерінің академиялық ұтқырлығы, бірлескен білім беру бағдарламаларын, жа­рия­­ланымдар мен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру саласында өзара тиімді әріп­тестікті дамыту мақсатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Назарбаев университеті ара­сында ынтымақтастық ту­ра­лы меморандумға қол қо­­йыл­ды.

Таяуда «Эрасмус» әріптес­те­рінің кездесуі кезінде ҚазҰУ және Грекияның Батыс Аттика университеті (University of West Attica) арасында магистратура деңгейінде «Денсаулық сақ­тау­дағы көшбасшылық және менеджмент» қосдипломдық білім беру бағдарламасын жү­зеге асыру бойынша келісімге қол қойылды.

Факультет ғалымдары 2024 жылы Scopus журналдарында 87 ғылыми мақала жариялап үлгерді. 600 млн теңгеден ас­там сомаға Ғылым және жо­ға­ры білім министрлігінің грант­тық қаржыландыру шеңберінде 7 ғылыми жоба, «Жас ғалым» гранттық қаржыландыру шең­бе­рінде 3 жоба, 4 халықаралық жоба орындауда.

Аталған ғылыми жобалар есебінен тек осы жылы 11 млн 556 мың теңгеге оргтехника және медициналық жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ «AMBOSS», «Lecturio», «UpToDate» білім беру платфор­ма­сы­на және Proprofs тестілеу плат­фор­масына эндаумент фонд және демеушілер есебінен 2290 АҚШ доллары жұмсалды.

Биыл, яғни 2024 жылы ба­ка­лавриат деңгейіне 700 сту­дент қабылданды. Жыл са­йын­ғы дәстүр бойынша 1-курс студенттеріне арналған «White Coat Ceremony» іс-шарасы ұйым­дастырылып, студент­тер­ге ақ халат табысталды.

Сонымен медицина және денсаулық сақтау факультеті биыл барлық оқу ғимарат­та­рында және жатақханада жөн­деу жұмыстарын жүргізіп, оқу аудиториялары, зертха­на­лар, фойе, дәліздердегі стендтер жа­ңартылды.

Сүндетғали Қалмаханов,

медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, медицина және денсаулық сақтау факультетінің деканы