Бірегей зертханалар жұмысын бастайды

8 қаңтар, 2025

Биология және биотехнология факультетінде ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған бірнеше шара жүзеге асырылды. Фараби ғылыми кітапханасында Scopus биб­лиографиялық деректер базасында индекстелетін «Био­логия ғылымдарының тұрақты дамуындағы заманауи тенденциялар» атты халықаралық ғылыми форум өтті. 

Бірінші рет 15 елден 28 ға­лым келді. Жалпы, 104 меке­ме­ден 200-дей ғалым (онлайн) қа­тысты. Биыл факультет ға­лым­дары Scopus Web of Science базаларында индекс­тел­ген жоғары дәрежелі ғылыми жур­налдарда 200-ге жуық мақала жариялады. Биология – жаратылыстану ғылымы, яғ­ни материалдар мен нысан­дар­ды зерттеу үшін арнайы зерт­ханалар мен аудиториялар за­ман талабына сай болуы керек. Жаңа оқу жылының бас­талуымен қатар, Био­алуан­түрлілік және биоресурстар ка­фе­драсында Махамбет Жұ­малиев атындағы оқу ауди­то­риясы ашылды.

Биотехнология кафе­дра­сы­ның демеушілігімен микро­био­логтар мен вирусологтар үшін қазіргі заманғы коворкинг-ор­та­лықтарға айналған екі фойе жаңартылды. Фойелер сту­дент­терге арналған, оларға ғы­лыми идеяларын талқы­лау­ға, жаңалықтармен бөлісетін оң­тайлы орын болды. Сондай-ақ кафедра демеушілері екі жаңа зертхананы жөндеуді қаржыландырды. Қазір ка­фе­дра сканерлеуші электронды микроскопия (СЭМ) және өнер­кәсіптік биотехнология зерт­ха­наларын ашуға дайын­да­луда. Жақында бұл бірегей зерт­ханалар жұмысын бас­тай­ды.

Биотехнология кафедрасы үшін ең маңызды оқиға­лар­дың бірі – жаңа халықаралық қы­тай-неміс-қазақстандық қол­дан­балы микробиология зерт­ха­насының ашылуы. Бұл бі­­регей ынтымақтастық ми­кро­­био­логия мен биотехно­ло­гия­дағы өзекті мәселелерді ше­шуге үш ел ғалымдары күш-жігерін біріктірді. Жаңа зерт­хана келешекте тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды іске асыру және халықаралық деңгейдегі жоғары білікті ма­мандарды даярлау алаңына айналады.

Биологияның ең маңызды са­лаларының бірі – генетика бо­йынша Молекулалық био­ло­гия және генетика кафе­дра­сы­ның 85 жылдығы мен уни­вер­си­теттің 90 жылдығына ар­­нал­­ған «Генетика: тарихы, бүгіні мен болашағы» атты ха­лық­аралық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде гене­ти­ка мен молекулалық био­ло­гия­ның тарихы, қазіргі жетістіктері мен даму перспективалары, сон­дай-ақ осы саладағы за­манауи жетістіктер мен олар­дың қолдану мүмкіндіктері тал­қыланды.

Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар ка­фе­дра­­сының құрылғанына 50 жыл толуына орай, кафедраның не­гізін қалаушы, ғалым, про­фес­сор В.М.Инюшин атындағы Био­физика зертханасы ашыл­ды. Сондай-ақ осы кафе­дра­ның меңгерушісі, профессор Альмира Құстыбаеваның бас­шы­лығымен ҚазҰУ когнитивтік нейроғылым орталығы Ми институты болып қайта құ­рыл­ды, бұл Қазақстанда ней­ро­ғылымның дамуы үшін жаңа, кең перспективалар ашты. Қа­зақстанда алғаш рет аталған орталықта миға іргелі және қолданбалы зерттеулер жүр­гі­зілетін болады.

Осы жылы факультетте «Био­­логия», «Геоботаника», «Ней­роғылым», «Био­меди­ци­н­а», «Вирусология» маман­дық­тары бойынша төрт дис­сер­тациялық кеңес ашылды. Бұл Қазақстандағы биология ғы­лым­дарының дамуына қосым­ша серпін берді.

Дамира ЮСАЕВА,

Биоалуантүрлілік және биоресурстар

кафедрасының аға оқытушысы, б.ғ.к.