Қытайтану кафедрасында «Сапалы білім» ТДМ аясында қысқы мектеп өз жұмысын бастадыFarabi University

Қытайтану кафедрасында «Сапалы білім» ТДМ аясында қысқы мектеп өз жұмысын бастады

20 қаңтар, 2025

2025 жылдың 20 қаңтарында Қытайтану кафедрасы ұйымдастырған «Ұлы Жібек жолы және Қазақстан: тарихы, мәдениеті және өзара байланысы» атты Қысқы мектеп өз жұмысын бастады. Онлайн форматында өтетін бұл мектепке Ресей Федерациясының Н.П. Огарев атындағы Мордовия мемлекеттік университетінің 50-ден аса студенті қатысып отыр.

Бағдарлама шетелдік студенттер арасында қызығушылық тудырған қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрлері тақырыптарын қамтиды. Қатысушылар ежелгі Жібек жолы, қазақ халқының наным-сенімдері, ұлттық тағамдары, киімдері мен ойындары жайлы тың деректермен танысады.

Алдын ала жүргізілген сауалнама нәтижесінде ресейлік студенттердің тілектері ескеріліп, арнайы бағдарлама жасақталды. Қытайтану кафедрасының оқытушылары тыңдаушыларға арнап қызықты әрі мазмұнды дәрістер дайындаған.

Қысқы мектеп 2025 жылдың 30 қаңтарына дейін жалғасады.