Қытайтану кафедрасының доценті Үндістан үкіметінің грантын жеңіп алды

Қытайтану кафедрасының доценті Дәулет Фатимабибі Ноғайқызы Үндістан үкіметінің ITEC (The Indian Technical and Economic Cooperation Programme) бағдарламасы аясындағы «Strengthening Technical and Vocational Education & Training (TVET) Systems to meet the Sustainable Development Goals (SDGs) of United Nations» курсына грант жеңіп алды. Аталған курс 2025 жылдың 22 қаңтары мен 18 ақпаны аралығында өтеді.
Үндістанның техникалық және экономикалық ынтымақтастығы (ITEC) бағдарламасы Үндістан үкіметінің Сыртқы істер министрлігі жүзеге асыратын, халықаралық әлеуетті арттыруға бағытталған жетекші платформа болып табылады. 1964 жылы құрылған бұл бағдарлама – әлемнің 160-тан астам елінен 200 мыңнан аса маманды дайындаған ең көне институционалды тетіктердің бірі.
Курс барысында Қазақстаннан барған қатысушылардың барлық шығындарын (жол ақысы, тамақтану, тұратын орын) Үндістан тарапы толығымен қамтамасыз етеді. Аталған оқытуға әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар қатысуда.
Бұл жетістік халықаралық білім беру саласындағы маңызды қадам болып табылады және кафедраның ғылыми әлеуетін арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.
Басқа жаңалықтар

