Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ академиялық ұтқырлық арқылы халықаралық беделін нығайтудаFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ академиялық ұтқырлық арқылы халықаралық беделін нығайтуда

21 қаңтар, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті академиялық ұтқырлықты белсенді дамытып, халықаралық білім беру саласында көшбасшылықты көрсетуде. Университеттің стратегиялық бағдарламасы аясында сыртқы байланыстарды күшейтіп, ішкі білім беру бастамаларын дамыта отырып, студенттер мен оқытушылардың жаһандық академиялық қауымдастыққа интеграциялануы үшін қолайлы жағдай жасалуда.

Сыртқы академиялық ұтқырлық шетелдің жетекші жоғары оқу орындарымен студенттер алмасуды және оқытушылардың халықаралық ғылыми орталықтарда зерттеулер жүргізуін қамтиды. Бұл кәсіби көкжиектерді кеңейтуге, әртүрлі салалар бойынша білімді тереңдетуге және әлемдік деңгейдегі құзыреттерді қалыптастыруға ықпал етеді.

Ішкі мобильділік бағдарламалары үздік университеттерде, соның ішінде Түркиядағы іс-сапарлар мен білім алу мүмкіндіктерін ашады. Мысалы, Түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасы жыл сайын жоғары курс студенттерін түрік мәдениеті, тарихы және шығыстану салаларын тереңдетіп оқыту бағдарламаларына жібереді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ инновациялық білім беру тәсілдерін белсенді енгізіп, халықаралық тәжірибеге ие жоғары білікті мамандарды дайындауды қамтамасыз етуде. Бұл қатысушылардың кәсіби әлеуетін нығайтып, университеттер арасындағы тұрақты байланыстарды дамытуға ықпал етеді.

Түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасы

Халел Агнұр

Дулаева Эльнара Зильпикаровна