- Басты бет
- Жаңалықтар
- Халықаралық қатынастар факультетінің жас ғалымдары БҰҰ тұрақты дамуының 17 мақсатын талқылады
Халықаралық қатынастар факультетінің жас ғалымдары БҰҰ тұрақты дамуының 17 мақсатын талқылады

Халықаралық қатынастар факультетінің 2 курс магистранттары тұрақты дамудың 17 мақсатын имплементациялау және Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазіргі әлемдегі рөлін бағалау призмасы арқылы қазіргі қатынастардың өзекті мәселелері бойынша талқылау өткізді. Бұл талқылау “БҰҰ-ның жаһандық қауіпсіздіктегі рөлі” оқу курсының нәтижелері бойынша өтті, оны профессор, Қазақстанның БҰҰ жанындағы бірінші Тұрақты өкілі, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Арыстанбекова Ақмарал Хайдарқызы жүргізді.
Талқылау барысында халықаралық қақтығыстардың күшеюі, жаңа полярлық жағдайдағы халықаралық қатынастар және жаһандық климат пен қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін табу, урбанизация мен реттелмеген көші-қон процестерінің салдары сияқты мәселелер қозғалды.
Жас ғалымдар БҰҰ құрылуының 80 жылдығына және халықаралық қатынастар факультетінің 30 жылдығына өздерінің талқылауы мен ұсыныстарын әзірлеуге талпыныстарын арнады.
Талқылауға Индонезия, Қытай, Өзбекстан және Қазақстан магистранттары қатысты.
Іс-шараны ұйымдастырушы: Деловарова Лейла Федоровна, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доцентінің м.а.
Басқа жаңалықтар


