Өткеннің өнегесі – бүгіннің баға жетпес байлығыFarabi University

Өткеннің өнегесі – бүгіннің баға жетпес байлығы

27 қаңтар, 2025

Тұрақты даму мақсаты бағыттарының   сапалы білім беруді қамтамасыз ету бағыты бойынша археология, этнология және музеология кафедрасының ұйымдастыруымен  «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ғылыми қызметкерлерімен «Өткеннің өнегесі – бүгіннің баға жетпес байлығы» тақырыбында ғылыми дәріс өткізілді. Дәріс барысында студенттерге музей тарихы мен қазіргі таңдағы ғылыми қызметі бойынша мәліметтер берілді.

Студенттерге дәріс танымды болды, «Таңбалы» жартас суреттері байланысты қызықтыратын сұрақтарын қойып, дәрісті қорытындылады.