Айқын

23 желтоқсан, 2015

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы, ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподақ ұйымымен және Санкт-Петербург гуманитарлық университетінің Алматы филиалымен бірлесіп, «Қазақстан Республикасында және ТМД мемлекеттерінде еңбек заңнамаларын жетілдіру: теория және тәжірибе» атты дөңгелек үстел өткізді. Доцент Т.Абайдельдинов модератор ретінде аталған конференцияның мақсаттары мен міндеттері туралы айтты. Ол екі жоғары оқу орындары студенттерінің конференцияға қатысқандығына риза екендігін және олардың жаңа Еңбек Кодексінің ережелерімен жұмыс жасайтынын тілге тиек етті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Парасат» кәсіподақ ұйымы­ның өкілдері кәсіподақ ұйымдарын жетілдіру – қазіргі кезеңнің басты бағыт­тарының бірі екендігін атап көрсетті. Барлық қатысушылар біздің қоғамдық өмірі­міздегі кәсіподақ ұйымда­рының атқаратын қызметі жоғары екендігін айтты. Оның дәлелі – Қазақстан Республикасының Прези­денті Н.Назарбаевтың кәсіпо­дақ мәсе­лелеріне баса көңіл бөлгендігі.
Қазіргі кезде әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университеті қыз­меткерлерінің «Парасат» кәсіпо­дақ ұйымы әкімшілік пен қызмет­керлердің арасында жаңа ұжымдық шартты даярлау үстінде. Себебі 2016 жылы ескі ұжымдық шарттың мер­зімі аяқталады, сондықтан да кон­ференцияның қорытын­дысы маңыз­ды құжатты одан әрмен жақсартуға мүмкіндік береді. Ұжымдық шартты даярлау барысында ең алдымен ҚазҰУ-дің кәсіподақ мүшелері Прези­денттің ұжымдық шартының егжей-тегжейлі жария түрде және ашық болу керектігін және де оны әрбір қызметкерге түсіндіру керектігі айтылды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әлеуметтік әріптестік жаңа деңгейге көтерілді. Әрбір үздік қызмет­керлерді мара­паттау немесе мерекелерді өткізу кәсіподақтың қатысуынсыз өткізіл­мейді.
ҚазҰУ-дің кәсіподақ төрағасы Т.Меке­баев: «Біз өзіміздің тәжірибемізбен бөлісеміз және конференцияға қатысушылардың бастамаларын қабылдауға әр уақытта дайынбыз» деп ыстық ықыласын білдірді.
Қазақстан еңбек конфедерация­сының Бас хатшысы өзінің «Кәсіп­одақ құрылысы және әлеуметтік әріптестік» атты қазіргі кәсіподақ ұйымының баяндамасында аза­маттық қоғамды және мем­лекеттің эко­номикалық дамуының тұрақты түрде қалыптасуында атқаратын рөлі жергілікті орган­дармен әлі де болса бағаланбайтынына қынжылды.
2015 жылғы Еңбек Кодексінің жобасын даярлаудағы жұмысшы тобының мүшесі Н.Гилеваның «Еңбек қатынастарын либера­лизациялауы. Еңбек кодексінің жаңа концептуалды моделі» атты жобасы үлкен қызығушылық тудырды.
Қарастырылған мәселелерді қорытын­дылай келе, елімізде кәсіп­одақ жұмысын дамыту саласында заңнамаларды жетілдіру туралы шешім қабылданды.
Ольга ЛОЖНИКОВА, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қызмет­керлерінің «Парасат» кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары.
Серікқали ТЫНЫБЕКОВ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі, профессор
http://aikyn.kz/ru/articles/show/18359-e_bek_za_dary_zhet_ld_r_led_