- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 28 қаңтардағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі негізінде Әл Фараби атындағы ҚазҰУ- нің халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма мамандығының студенттерімен өткізілген дөңгелек стөл.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 28 қаңтардағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі негізінде Әл Фараби атындағы ҚазҰУ- нің халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма мамандығының студенттерімен өткізілген дөңгелек стөл.

2025 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін көтерді. Бұл мәселе қоғамда кеңінен талқыланып, түрлі пікірлер тудырды. Президент, Үкіметті жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек аса өзекті мәселелерді шешуге бағыттауға шақырды. Президент: “Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді”, – деп атап өтті. Бұл іс-шара мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының дамуы үшін маңызды кезең болды, онда экономикалық өсім, әлеуметтік әділеттілік, экологиялық қауіпсіздік және сыртқы экономикалық белсенділік мәселелері көтерілді. «Мемлекет басшысы өз сөзінде Үкімет үшін бірнеше басым бағыттарды айқындап, өзекті мәселелерді шешу және елдің жаңа жетістіктерге жетуі үшін шешуші шараларды қабылдау қажеттігін айтты.
Жалпылама Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент алдағы уақытта жүзеге асуы қажет 40-тан астам тапсырманы атап өтті»,- деп тоқталды ф.ғ.к. Мұхаметқалиева Г.Ө. Сонымен қатар, студенттер, Ел басшысы,Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 28 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі қоғамда кеңінен талқыланып, түрлі пікірлер тудырды. Бюджеттік үнемдеу, валюта тұрақтылығы, саяси-экономикалық,әлеуметтік реформалар, туризмді дамыту және инвестиция тарту мәселелері бойынша айтылған ойлар сарапшылар мен қоғам өкілдері арасында қолдау тауып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті бағыттарын айқындауға ықпал еткендігі жайлы айтты.
Осылайша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөз сөйлеуі қоғамға маңызды сигнал болды, ол елдің алға жылжуы, азаматтардың өмірін жақсарту және Қазақстанның сәтті әрі әділ дамуы үшін жағдайлар жасау туралы саяси жетекшіліктің шешімділігін растады. Президент реформалар экономиканы нығайту, әлеуметтік саясатты жақсарту және халықаралық қатынастарды дамыту бағытында жалғасатынын және Үкімет осы реформаларды тиімді жүзеге асыруы керектігіне тоқталды.Мемлекет басшысы сөзін елдің гүлденуі жолында бірлік пен ортақ жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, тек осылай ғана Қазақстанды әлдеқайда күшті, тұрақты және табысты мемлекетке айналдыруға болатынын, ел өз халқына қажеттіліктері мен үміттерін орындауға қабілетті болатынын сенімді түрде жеткізгендігі жайлы дөңгелек стөл барысында талқыланды.
Басқа жаңалықтар

