Білім және ғылым ордасы
Білім беруді жаңғырту - бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Оған мамандарды қайта оқыту, интерактивті білім беру, түрлі технологиялық тәсілдер арқылы оқуға деген қолжетімділікті арттыру сынды мысалдарды айтуға болады. Біздің елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүзеге асуда. Біріншісі, білім беру мекемелерін оңтайландыру; екіншісі, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту; соңғысы, білім беру қызметтерінің тиімділігі нен қолжетімділігін арттыру. Осы үш бағыт бойынша жұмыс жасау Елбасы Н. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауында да, ұзақмерзімді стратегияда да қамтылған.
Болашақ мамандардың сауатты, біпімді болуы да білім ошақтарындағы дұрыс оқытудың нәтижесіне байланысты. Білім жүйесіне бейжай қарауға болмайды. Өйткені, бүгінгі студент - ертеңгі маман. Сондықтан, білім беру саласына мемлекет тарапынан жасалып жатқан түрлі шаралар, жаңашыл бастамалар осы олқылықтардың орнын толтыруы тиіс.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - Қазақстан ЖОО Басты рейтингісі бойынша көшбасшы, мемлекетіміздің тарихында бірінші болыл Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты «Сапа саласындағы жетістіктері үшін», Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Қызметтер мен өнім сапасы саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының дипломанты. Біздің университетіміз Халықаралық университеттер Ассоциациясының мүшесі және Еуразиялық университеттер Ассоциациясының ұйымдастырушысы. Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстан ЖОО арасында тұңғыш болып Болон қаласында Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды, ИСО 9000:2000 халықаралық стандарттар талабы негізінде сапа мененджменті жүйесіне сай (СМЖ) хапықаралық сертификаттаудан жақсы өтті және IQNET Хапықаралық сертификаттау жүйесі сынды ең ірі әлемдік сертификаттау орталығының куәлігін иеленді.
Университет жоғары білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім кеңестігінде интеграциялауға, өндіріске енгізілетін фундаментальды және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталатын кең көлемдегі білім, ғылыми, рухани-тәрбиелік,-инновациялық және өндіруші негізіне ие.
Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - алуан түрлі мамандықтарды ұсынатын біпім және ғылым ордасы.
Университет құрамындағы Экономика және бизнес жоғары мектебі заман талабына сай, нарықтық экономиканың қыр-қырын таныған бірнеше экономикалық мамандықтарды дайындайды. Осы факультет құрамында бүгінгі таңда сұранысқа ие «Менеджмент пен маркетинг» кафедрасында «Жобаларды басқару» сынды мамандық бар. Қазіргі нарықтық заманда экономикалық ортада жобалық менеджменттің апып отырған орны едәуір. Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жобалық менеджмента қолдану қазір етек жая бастады. Жобаларды сәтті жүзеге асыру арқылы компанияның тек табысын арттырып қана қоймай, оның бәсекелік позициясын да орнықтыруға болады. Жобалық менеджмент - бұл, арнайы құралған және бекітілген әдістердің көмегімен жасалатын түрлі көлемдегі жобаларды жүзеге асыратын жаңа кешендік пән. Жобалық менеджментті қолдану көптеген компанияларға бизнестің жоғарғы деңгейіне жетуге және ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Кез-келген істі немесе үрдісті жоба ретінде қарастыруға болады.
2015 жылы 27 қарашада өткен «Бірінші халықаралық жобалық менеджерлер Конгресі» аясында ҚР Білім жене Ғылым министрлігіне осы мамандық бойынша мемлекеттік гранттар санын көбейту тапсырылды. Бұл осы мамандықтың мемлекет деңгейіндегі сұранысын көрсетіп отыр.
Осы мамандық бойынша оқу барысында Қазақстан Республикасының жобалық менеджерлер одағында тәжірибеден өтіп, ары қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.
Ақбота АҚЗАМБЕКҚЫЗЫ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің 2-курс магистранты.
Гүлмира НҰРСЕЙТОВА, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебі, менеджмент және маркетинг кафедрасы экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.