Ұлы ойшыл мұрасына арналған басқосу
![](/storage/news/199226542767ab129ced022779042524_12.jpeg)
«Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер» мамандығының студенттері әл-Фараби мұрасына арналған кураторлық сағат өткізді. Бұл шараның мақсаты білім алушыларға қазақ философиясының негізін қалаушы, ойшыл әл-Фараби жайлы тереңірек түсінік беру, оның мұрасының қазіргі заманғы ғылым мен қоғам үшін маңыздылығын түсіндіру болды.
Кураторлық сағатқа философия және саясаттану факультеті Философия кафедрасының доценті Асқар Лесхан арнайы шақыртылды. Ол өз сөзінде әл-Фарабидің философия ғылымына қосқан үлесі, оның адамзаттық құндылықтарға қатысты ойы мен қазіргі қоғамға әсері туралы айтып өтті. Лесхан Әмірханұлы әл-Фарабидің білім мен ғылымға деген көзқарасын, оның әлеуметтік және табиғи дүниеге деген терең түсінігін студенттерге қызықты әрі түсінікті түрде жеткізе білді.
Студенттерге әл-Фарабидің қоғамның тұрақты дамуы мен үйлесімділікке қатысты айтқан ойы бүгінгі таңда өзекті екені түсіндірілді. Оның философиялық мұрасын тереңірек зерттеу мақсатында ұйымдастырылған кураторлық сағат өте мазмұнды өтті. Шарада студенттерге ұлы ойшылдың терең философиялық ойлары мен идеяларын түсінуге мүмкіндік берілді және студенттермен бірге әл-Фарабидің қанатты сөздеріне талдау жасады. Ол сөздердің мағынасы мен оларды қазіргі қоғам мен ғылым тұрғысынан қалай түсінуге болатынын егжей-тегжейлі түсіндірді. Әл-Фарабидің сөздерінде адамгершілік, білім, әділеттілік, мораль, қоғамның тұрақтылығы мен дамуы туралы айтылған терең ойлар ашылды.
Студенттер әл-Фарабидің «Адамзаттың ең ұлы мақсаты – бақытты өмір сүру» және «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген сөздеріне ерекше көңіл аударды. Бұл ой бүгінгі таңда да өзектілігін жоғалтпағаны атап өтілді.
Балауса БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ,
«Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер» мамандығының 2-курс студенті
Басқа жаңалықтар
![](/storage/news/194455977467ab35a8653b3906468610_1.jpg)
![](/storage/news/351810717867a9ee03d9667343880780_004.jpeg)
![](/storage/news/199226542767ab129ced022779042524_12.jpeg)