Халықаралық қатынастар факультетінің өкілдері «БҰҰ Алматыдағы кеңсесі: тұрақты болашақ үшін серіктестік» іс-шарасына қатыстыFarabi University

Халықаралық қатынастар факультетінің өкілдері «БҰҰ Алматыдағы кеңсесі: тұрақты болашақ үшін серіктестік» іс-шарасына қатысты

14 ақпан, 2025

2025 жылғы 13 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кітапханасының конференц-залында БҰҰ-ның Қазақстандағы алғашқы өкілдігінің ашылуына арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны ҚазҰУ жанындағы Пан Ги Мун атындағы институт директорының м.а. Ләззат Мұхтар және БҰҰ туралы ақпарат беретін академиялық аймақтық ресурстық орталық директоры Деловарова Лейла Федоровна ұйымдастырды. Құрметті қонақ Алматыдағы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек болды.

Кездесу басында ұйымдастырушылар мен құрметті қонақ БҰҰ-ның Қазақстандағы қызметі және ұйымның 80 жылдығын мерекелеу жоспарлары туралы айтып берді.

Одан кейін БҰҰ туралы орталықтың белсенділері Аяжан Сәкенова мен Айторе Балнұр екі бейнеролик ұсынды: Орталықтың жұмысы және "Қазақстан"қонақ үйінде өкілдіктің ашылуы туралы.

Іс-шара ашық сипатта болды, әр қатысушыға өз пікірін айтуға мүмкіндік берді. Оған ҚазҰУ-дың әртүрлі факультеттерінің, соның ішінде журналистика және тарих факультеттерінің студенттері қатысты. Пікірталас барысында студенттер орталықтың қызметі және тұрақты дамуға бағытталған БҰҰ жобалары туралы көбірек білді.

Іс-шара қатысушылардың жаһандық процестер туралы білімдерін кеңейтуге және академиялық қоғамдастық пен БҰҰ арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етті.