ҚазҰУ-дың ғалым әйелдері - Ғылымдағы әйелдер күнінде марапатталдыFarabi University

ҚазҰУ-дың ғалым әйелдері - Ғылымдағы әйелдер күнінде марапатталды

11 ақпан, 2025

2025 жылдың 11 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылымдағы әйелдердің халықаралық күніне арналған салтанатты шара өтті.

Осы айтулы күні ғылым мен білім берудің дамуына зор үлес қосқан тарих факультетінің оқытушылары марапатталды:

  • Картабаева Ерке Тамабековна
  • Удербаева Сауле Карибаевна
  • Жақыпова Гүлназия Толғаевна

Іс-шарада сөз сөйлеген ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасы - ректоры Жансейіт Түймебаев ғылымдағы әйелдердің маңызды рөлін және олардың қоғамның дамуына қосқан үлесін атап өтті. Ол барлық әйелдерді осы мерекемен құттықтап, ғылыми қызметінде одан әрі табыстар тіледі.

"Бүгін біз өздерінің еңбегімен және талантымен ғылым мен білім берудің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген көрнекті ғалым әйелдерімізді құрметтейміз. Сіздердің жетістіктеріңіз жас ұрпақты рухтандырады және үлгі болып табылады", - деп атап өтті ректор.

ҚазҰУ-дағы ғалым әйелдерді марапаттау ғылымдағы әйелдерді қолдау мен мойындаудың маңыздылығын тағы да атап өткен жарқын оқиға болды.