Жұмабаев Асхат Игиликұлы – ядролық физика саласының маманы, оқытушы, инженер және кәсіпкер.
Жеке мәліметтер:
- Туған күні: 1989 жылғы 8 шілде
- Туған жері: Ақтөбе облысы, Мәртөк ауылы
Білімі:
Асхат Жұмабаев жоғары білімін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде алды:
- Бакалавриат (2006-2011 жж.) – «Ядролық физика» мамандығы, Физика факультеті.
- Магистратура (2012-2014 жж.) – «Ядролық физика» мамандығы, Физика-техникалық факультеті.
Еңбек жолы:
- 2009-2011 жж. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы НИИТЭФ ҒӨО-да зертханашы.
- 2011-2017 жж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде маман.
- 2011-2015 жж. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы НИИТЭФ ҒӨО-да кіші ғылыми қызметкер. Сонымен қатар, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында инженер қызметін атқарды.
- 2016 жылдың сәуір-тамыз айларында – «ТНК КазХром» АҚ-да инженер-реттеуші.
- 2017-2022 жж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы. Осы жылдары екі академиялық топтың кураторы болып, ғылымға ондаған жас студентті тартты.
- 2022 жылдың қыркүйегінен бері – «MartukBrothers» ЖШС құрылтайшысы.
Кәсіпкерлік қызметі:
Асхат Жұмабаев – Қазақстандағы 100-ден астам брендтің өкілі, олардың ішінде: CAEN, Micron Semiconductors, Biobase, Мета-Хром, Photocor, EVP, KYKY, Sartorius AG, АО СЭГЗ, Beiging SuperQ, Corrtest Instruments.
Асхат ғылыми және өндірістік жабдықтарды дистрибуциялау саласында табысты бизнес дамытып келеді.
Басқа жаңалықтар

10 желтоқсан, 2024

10 желтоқсан, 2024