
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының магистранттары Қаленов Ғаламат пен Қасанова Ақерке "7М07201 - Мұнай-газ ісі" мамандығы бойынша Францияның Лотарингия университетімен бірлесіп жүзеге асырылатын қос дипломдық білім беру бағдарламасы аясында білім алып, қос дипломды мамандар мәртебесін иеленді. Бұл ғылыми және кәсіби бағыттағы оқу бағдарламасы түлектерге мұнай-газ саласында терең теориялық білім мен практикалық тәжірибе жинауға мүмкіндік беріп, олардың саладағы бәсекеге қабілеттілігін арттырды.
Бағдарлама аясында студенттер қазіргі заманғы технологиялармен танысып, саланың өзекті мәселелерін зерттеумен айналысты. Мұндай мүмкіндік олардың мұнай-газ саласындағы мамандықтарына деген сенімділіктерін нығайтып, халықаралық деңгейде кәсіби құзыреттерін жетілдіруге септігін тигізді.
Бекисанова Ж.Б. PhD, аға оқытушы
Басқа жаңалықтар


