Қазақ поэзиясының қайталанбас тұлғасы Мұқағали Мақатаевқа 94 жылFarabi University

Қазақ поэзиясының қайталанбас тұлғасы Мұқағали Мақатаевқа 94 жыл

9 ақпан, 2025

2025 жылы 9 ақпан күні, Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасының «BOOKCLUB Farabi» атты бөлімінің мақсаттарын жүзеге асыру бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультеті, «Қазақстан тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен "Қазақ поэзиясының қайталанбас тұлғасы Мұқағали Мақатаевқа 94 жыл" толуына орай дөнгелек үстел болып өтті. Іс-шараға тарих факультетінің оқытушы құрама және 1-курс студенттері қатынасты.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты:  Ақиық ақын М. Мақатаевтың жыр өлеңдерін бүгінгі ұрпаққа насихаттау талдау. Шараға тарих факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор Д.С. Байгунаков, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Б.Б. Кәрібаев, т.ғ.к., доцент Е.Н. Ноянов, т.ғ.к., аға оқытушы Ж.М. Арынов, қатысты. Қонақтарымыздың әр қайсы сөз сөйлеп ақынның өлеңдеріне тоқталып өтті. Студенттер “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің”, “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және басқада жыр жинақтары мен өлеңдері қонақтарымыздың көңілін бір көтеріп тастады. Соңында өнерлі студенттер арнауларын паш етті.