Қазіргі кезеңдегі отандық тарих ғылымының дамуы және оның бағыттары

Көрнекті тарихшы ғалым, профессор Дина Дулатованы еске алуға арналған «III Дулатова оқулары» аясында «Қазіргі кезеңдегі отандық тарих ғылымының дамуы және оның бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға елімізге белгілі ғалымдар, ұлағатты ұстаздың шәкірттері және онлайн форматта шетелдік тарихшылар қатысты.
Халықаралық конференцияның ашылу салтанатында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ж.Түймебаевтың арнайы құттықтауын университеттің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры, доцент С.Суатай таныстырып, университет басшысының конференция жұмысына ғылыми табыс тілейтінін жеткізді.
Конференцияның пленарлық мәжілісінде ҚР ҰҒА академигі, Халықаралық «Қыпшақтану» орталығының директоры, т.ғ.д., профессор Б.Көмеков алғашқы болып сөз алды. Ол естелігінде академик Дина Исабайқызының жеке басындағы қасиеттеріне назар аударып, оның турашылдығына, әділеттілігіне, принципшілдігіне, ғылыми көзқарасына тоқталды.
Келесі баяндаманы ҚР ҰҒА академигі, Абай атын-дағы ҚазҰПУ профессоры, тарих ғылымының докторы М.Қойгелдиев, Археология жане антропология титутының бас маманы, т.ғ.д., профессор, археолог, ғалым Мадияр Елеуов, КР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, т.ғ.д, профессор Қалқаман Жұмағұлов, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Өзбекстан Республикасындағы Шыршық филиалының ректоры, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Д.Қожамжарова баяндама жасады.
Басқа жаңалықтар


