Басшылық пен студенттер арасындағы диалог: ҚазҰУ №10 жатақханасындағы кездесуFarabi University

Басшылық пен студенттер арасындағы диалог: ҚазҰУ №10 жатақханасындағы кездесу

13 ақпан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің №10 студенттер үйінде студенттік қалашық өкілдері мен жатақхана тұрғындары арасында маңызды кездесу өтті. Жиынның мақсаты – тұру ережелерін талқылау және барлық студенттер үшін жайлы ортаны қамтамасыз ету.

Әкімшілік өкілдері тыныштықты, тазалық пен тәртіпті сақтауға қатысты негізгі ережелерді егжей-тегжейлі түсіндірді. Қауіпсіздік мәселелері мен тұру ақысын уақтылы төлеуге ерекше назар аударылды.

Студенттер өз кезегінде өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, тұру жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды. Диалог барысында жөндеу, тұрмыстық жағдайлар және бос уақытты ұйымдастыру тақырыптары қозғалды.

"Біз студенттерімізге барынша жайлы жағдай жасауға тырысамыз, - деді студенттік қалашық өкілі. - Ал ашық диалог - бұл мақсатқа жетудің негізгі құралы".

Кездесу сындарлы жағдайда өтіп, әкімшілік пен студенттер арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етті.